Қазақстандық пойыздарда әйелдер вагоны пайда болды

Көрнекі сурет @Shutterstock

Қазақстандағы жолаушылар пойыздарында тек әйелдерге арналған вагондар пайда болды, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі "Қазақстан темір жолы" ұлттық темір жол компаниясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстандағы жолаушылар пойыздарында тек әйелдерге арналған вагондар пайда болды, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі "Қазақстан темір жолы" ұлттық темір жол компаниясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Ұлттық тасымалдаушы осы жылдың 10 қазанынан бастап Алматы - Өскемен және Алматы - Маңғыстау бағытындағы екі жолаушылар құрамында әйел адамдар үшін жол жүру құжаттарын (билеттерді) ресімдеу бойынша пилоттық жобаны іске қосты", - делінген хабарламада.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, әйелдер вагондарына билеттерге сұраныс болған жағдайда бұл жоба басқа бағыттарға таралады.

Реклама
Реклама

"Сырттай қарағанда ештеңе білінбейді, жүру да құны бірдей, бірақ тек әйелдер купе көршілері болады", - делінген баспасөз хабарламасында.

Мұндай вагондарға "еріп жүретін адам болған кезде жеті жасқа дейінгі ер балалар" да отырғызылады.

Елімізде жəне əлемдегі жаңалықтар жайлы толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!

TengriTravel

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная