Қазақстандық оқушылар қытайлық ғарышкерлермен онлайн байланысқа шықты

Бүгін ғарыш саласына қызығатын және қытай тілін меңгеріп жүрген елордалық оқушылар Қытай ғарыш агенттігінің ғарышкерлерімен онлайн тілдесті. Ғарышкерлер қалай тамақтанатынын, қандай қызықтар болатынын бөлісіп, қасында микротолқын пеш және басқа құрылғылар барын айтты, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Бүгін ғарыш саласына қызығатын және қытай тілін меңгеріп жүрген елордалық оқушылар Қытай ғарыш агенттігінің ғарышкерлерімен онлайн тілдесті. Ғарышкерлер қалай тамақтанатынын, қандай қызықтар болатынын бөлісіп, қасында микротолқын пеш және басқа құрылғылар барын айтты, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

Ғарыш ғылымы мен технологиялары туралы білімдерін тереңдету, жас ұрпақтың дамуына жәрдемдесу, достық пен практикалық ынтымақтастықты тереңдету мақсатында ШЫҰ-ның Тату көршілік, достық және ынтымақтастық жөніндегі комитеті ШЫҰ елдерінің студенттері мен оқушыларының «Шэньчжоу-15» ғарыш кемесінің экипаж мүшелерімен онлайн байланыс орнатты.

Кездесуді Қытай Халық Республикасының Қазақстан Республикасындағы кеңесші-елшісі Син Фанфан ашып, кездесудің оқушыларға стимул беретінін және екі ел арасындағы қарым-қатынасты нығайтатынын атап өтті.

Реклама
Реклама

Жиынға елордадағы № 26, 67, 81 мектеп-гимназиясының және Назарбаев Зияткерлік мектебінің ұстаздары мен оқушылары қатысты.

Астана қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің аэрокосмонавтика үйірмесінің меңгерушісі Оралбек Бидайбеков кездесу оқушылары үшін қызықты болатынын атап өтті.

"Өйткені оқушыларым мектепте алған білімін әрі қарай жалғастыра алады. Оқушылардың ғылымға: физика, химия, техника, космосқа қызығушылығы артады. Сұрағын қойып, ғарыштағы қытай космонавттарынан мағлұмат алды", – деп атап өтті ұстаз.

Сонымен қатар, №26 мектептің оқушысы Адел Смаилова ғарышкерлерден адамдар өмір бойы аз салмақпен жүрсе, қандай қауіп барын сұрады.

"Қытай тілін үйреніп жүрмін. Бүгін енді ғарыш туралы көбірек білдім. Менің сұрағыма жауап берді. Салмақ өмір бойы аз болса, жүрекке, организмге зиян екенін айтты... Жалпы мен әзірге мамандық таңдамадым, бірақ Қытайда білім аламын деп шештім", – деді елордалық оқушы.

Айта кетейік, Қытай мен Қазақстан арасында визасыз режим орнату талқыланып жатыр.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

TengriTravel

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная