Қазақстандық лоукостер Алматы - Шарджа рейсіне сатылым жариялады

Қазақстандық FlyArystan лоукостері Араб Әмірліктеріне билет сатылымын жариялады, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz порталы әуекомпанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Билет құны 39 999 теңгеден басталады.

"Біз Алматы - Шарджа бағытында 39 999 теңгеден басталатын билет сатылымын ашық деп жариялаймыз! Билеттер FlyArystan қосымшасында және FlyArystan.com сайтында қолжетімді", - делінген әуекомпанияның Іnstagram желісінде жариялаған жазбасында. 

Науқан кезеңі: 9-22 маусым.
Саяхат кезеңі: 15 маусымнан 15 қыркүйекке дейін.

Науқан кезіндегі билеттер саны шектеулі. Саяхатты дәл қазір жоспарлап, билеттерді ең төмен бағаға сатып алыңыз. Билет брондау барысында тарифтік топтамаларға назар аударыңыз, осылайша сіз қосымша қызметтерде 60 пайызға дейін үнемдейсіз. 

Айта кетейік, Шарджа - бұл үлкендігі жағынан БАӘ-нің үшінші әмірлігі, ол Парсы шығанағының жағалауымен 16 шақырым және құрлыққа ішке қарай 80 шақырым созылған, Дубай мен Аджман Әмірліктері арасында орналасқан. Алайда Шарджа мен Дубайдың жақын орналасқаны соншалық, олардың нақты шекарасын сызып көрсету қиынға соғады. Негізінде олар алып бір мегаполисті құрап тұр. 

БАӘ-нің жеті әмірлігінің ішінде Шарджа - ең ежелгісі. Әмірлік табиғи ресурстарына бай және қызықты ландшафтқа ие - шексіз шөл мен тау жоталарынан бастап жағалаудың керемет құмды жағажайларына дейін. 

Шарджа әмірлігінің маңызды ерекшелігі - ішімдікке тиым салынған. Сізге қонақүйлерде де, барларда да, мейрамханаларда да алкоголь ұсынылмайды, бірақ туристер экзотикалық жемістерден көптеген жаңа сығылған шырындарға қарық болады.

Aviata.kz - үйіңізден немесе кеңсеңізден шықпай-ақ, әлемнің кез келген нүктесіне теміржол және әуе билеттерін кез келген бағытта онлайн режимінде табуға, брондауға және сатып алуға мүмкіндік беретін сервис.

Aviata қосымшасын мына сілтеме бойынша орнатуға болады.