Қазақстандық лоукостер Алматы - Шарджа рейсін ашады

Қазақстандық лоукостер Алматы - Шарджа - Алматы халықаралық бағытын іске қосуды жоспарлап отыр. БАӘ-ге рейстер 15 маусымда ашылады, - деп хабарлайды Кaz.tengritravel.kz порталы.

FlyArystan баспасөз қызметінің мәліметінше, тұрақты рейстер аптасына үш рет – сейсенбі, бейсенбі және жексенбі күндері болады. Ұшу ұзақтығы Airbus A320 ұшағымен төрт сағат 25 минутты құрайды. Билет бағасы бір тарапқа ұшу үшін 59 999 теңгеден басталады. Билет құнына бес килограмдық қол жүгі кіреді.

Қазақстандық лоукостерден басқа, БАӘ-ге "Эйр Астана", SCAT, Fly Dubai әуекомпанияларының да рейстері қатынайды.

2021 жылғы 10 мамырдан бастап Алматыдан Дубайға рұқсат етілген тұрақты рейстер саны әрбір тарап үшін бестен жетіге дейін, ал Нұр-Сұлтаннан аптасына үш рейстен беске дейін ұлғайғанын атап өткен жөн.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!