Қазақстандық жұлдыздар қайда демалып жүр?

Жазда көпшілігі шет ел аралап, демалғанды жөн көреді. Massaget.kz порталы белгілі өнер адамдары қайда демалып жүргені туралы шолу жасады. 

Гүлзира Айдарбекова мен Нұртас Айдарбеков қайда демалып жүр?

gulziraaidarbekova Instagram-парақшасынан

Реклама
Реклама

Продюсердің сөзінше, бұл жолы демалысқа жолдасы әкелген.

"Шет елге саяхаттауды ұнатпаймын" деп жүрген Нұрекең "демалғың келіп жүрсе, өзім-ақ алып барайын" деп, билеттерімізді жылдам дайындатып ...осында келіп қалдық. Арқа сүйер асқар тауымыз аман болсын!" - деді Гүлзира Айдарбекова.


Гүлзира Айдарбекованың Instagram-парақшасындағы сурет-видеоларға және ашық дереккөз мәліметтеріне сүйенсек, олар орналасқан курорттық қонақүй Саадият аралы ауданында, Лувр Абу-Дабиден 3,7 шақырым қашықта орналасқан.

Қайрат пен Жұлдыз қайда?

zhuldyzabdukarimovaofficial Instagram-парақшасынан

Ел ішінде қызу талқыланған жұлдызды жұп Қайрат Нұртас пен Жұлдыз Абдукаримова да балаларымен бірге отбасылық демалыста. Олар демалыстың фото-видеоларын белсенді түрде Желіге жариялап отырады. 

Жұлдыз Абдукаримованың өзі де Түркияда демалып жатқанын, үлкен ұлы Нарұл ғана келе алмай қалғанын айтқан болатын. Кейінірек оларға Нарұл да қосылған.

"Нарұл "Один домадағы" Кевин болды. Аман-есен жанымызға жетті. Ұшақта жалғыз ұшып келе жатқанын біліп, ерекше қамқорлықпен қараған жолаушыларға, жолсеріктерге рақмет. Хан ағасын қатты сағыныпты", - деп жазды актриса.


Алтынай Жорабаева, Мадина Сәдуақасова және Сәкен Майғазиевтердің қайда демалып жүргенін білу үшін мына сілтемеге өтіңіз.