Қазақстандық бортсерік Катардағы сән-салтанат пен кедейлік туралы айтып берді

Қазақстандық Александра Куркина әлемдегі ең ірі әуекомпаниялардың бірінде бортсерік болып жұмыс істейді. Оның айтуынша, бортсерік мамандығы, көбі ойлағандай, оңай және романтикалық емес. Жұмыста күйзеліс, қиындықтар және қатаң ережелер бар. Қазақстандық Kaz.tengritravel.kz тілшісіне ең романтикалық емес мамандықтың құпияларын айтып берді.

Александра Куркина Қарағанды облысының Шахтинск қаласында туып өскен. Университеттен кейін төрт жыл жергілікті тіл мектебінде ағылшын тілі мұғалімі болып жұмыс істеп, өзін жаңа бағытта сынап көргісі келеді. Сөйтіп 2019 жылы ол әлемдегі ең ірі әуекомпаниялардың бірі - Qatar Airways-ке түйіндеме жібереді.

Содан соң ол сұхбаттың төрт кезеңінен: сұхбат және ағылшын тілін білу тесті, медициналық тексеру, онда денесінде мең, тыртық бар-жоғы, бойы мен келбеті қандай екені тескеріліп, психологиялық тест тапсырды және соңғы сұхбаттан өтті. Кейін ол бірнеше апта бойы жауап хатын күтті. Хабарлама келді, бірақ іріктеу кезеңі мұнымен аяқталған жоқ. Ережеге сәйкес, үміткер расталғаннан кейін тағы бір рет суретін электрон пошта арқылы жіберуі керек, содан кейін олар сіздің қабылдағаныңызды немесе қабылдайбантыныңызды нақты айтады.

Астанадан 300-ге жуық адам өтінім жіберген. Олардың тек 16-сы өткен. Александра іріктеудің барлық төрт кезеңінен сәтті өтіп, Парсы шығанағының жағалауында орналасқан Катар араб мемлекетінің ең үлкен қаласы - Дохаға көшті. Кейін ол бортсеріктің жұмысы әркім ойлағаннан әлдеқайда қиын екенін түсінді.

Бортсерік ретіндегі менің алғашқы рейсім екі танысу рейсінен кейін Бразилияға болды. Яғни, мен енді оқуды аяқтап, теорияны білемін, бірақ іс жүзінде бәрі басқаша болды. Тіпті, жолаушылармен жұмыс туралы айтпағанда, су стақандарын 10 минуттай іздедім. Сіз жұмысқа жаңадан келген адам болған соң баяу қимылдайсыз, қорқасыз және жүзіңіздегі күлкіңіз шынайы емес, шамалы ашушаңдықтың белгісі болып көрінеді. Оның үстіне бұл қысқа емес, он алты сағатқа ұшатын рейс болды.

Доха, Катар. Фото @makedonskayalexa

Катардың ең үлкен қаласы - Дохадағы өмір туралы

Қазір мен Катарда тұрамын - араб әлемінің орталығы. Бұл - адамдары үйлер мен қымбат заттарды жақсы көретін елдердің бірі, барлық жерде алтын көп және luxury-шопинг. Тіпті сатып алған заттарыңды қызметші ұстап жүретіндей байлықты жақсы көреді. Мен Доханың келбеті мен тұрғындары арасындағы әлеуметтік қарама-қайшылықтары туралы аздап айтқым келеді. Мұндағы мемлекет жергілікті тұрғындарға жақсы қамқорлық жасайды және олардың көпшілігі өте жақсы қамтамасыз етілген. Ел ішіндегі барлық нәрсеге иелік етеді. Яхталар, виллалар, "ламборгини" және "Роллс-Ройс", "Тиффани" әшекейлері - олар үшін қарапайым заттар.

Доха, Катар. Фото @makedonskayalexa

Сонымен қатар, өте кедей аудандарды оңай табуға болады. Суреттерден көріңіз. Пандемия кезінде маған 25 жастағы жас жігіт келіп, үйімді тазартып бере алатынын айтты. Мен түсінбей, не жауап беретінімді білмедім. Ер адам едендерді жуу үшін үйге келе ме деген ой келді. Мен өзімді ыңғайсыз сезіндім және жай ғана оның нөмірін жазып алдым.

Сондай-ақ пандемия бәрін өзгертті. Кейбір әріптесім төрт ай үйде отырды, олар базалық жалақы алды, тек ұшу сағаттарына ақы төледі. Барлығы әдеттегі 8-10 рейстің орнына айына 1-3 рейс жасады. Адамдар аз ұша бастады: кейде бортта экономда үш жолаушы және бизнесте үш жолаушы болды. Бізге қорғаныс костюмдерін кию керек болды, қызмет көрсету және борттарды тазарту өзгерді. Бір уақытта жұмыс істеу қиын және оңай: жолаушылар аз, бірақ костюмдер, маскалар, көзілдіріктер кию секілді қолайсыздықтар болды. Кейінірек бортсеріктер кеңседегі жұмысқа - кол-орталыққа ауыстырылды. Барлығы жақын арада жағдай өзгереді деп үміттенеді.

Жалпы, мен мұндай тәжірибеге ризамын. Компания жұмыс істеу үшін тамаша мүмкіндіктер мен жағдай жасайды", - дейді Александра Куркина.

Елімізде жəне əлемдегі жаңалықтар жайлы толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!