Қазақстандық әуетасымалдаушылар билеттің қымбаттауына түсініктеме берді

Қазақстандықтар әлеуметтік желілерде әуе билеттерінің қымбаттағанына шағымданып жатыр. Әуекомпаниялар бағаның жоғарылауы сұранысқа және маусымға байланысты екенін мәлімдейді. Kaztengritravel.kz тілшісі мәселенің мән-жайын анықтауға тырысты.

Әлеуметтік желілерде халықаралық және ішкі рейс билеттерінің қымбаттауына қатысты наразылықтар жиі кездеседі. Мәселе тек билет құнында емес, мұндай тасымалдаушыларды лоукестер деп атаудың өзі күмән тудырып отыр. Мысалы, Алматы - Нұр-Сұлтан бағыты бойынша лоукостерде ұшу басқа әуе желілерімен салыстырғанда қымбатқа түседі.

 

 

Алматы - Нұр-Cұлтан рейсіне 2021 жылғы 3 шілдеге билеттер. Билет агрегаторларының сайттарынан скриншоттар

FlyArystan өкілдері компания іске қосылған сәттен бастап ең төменгі тарифтердің көтерілмегенін мәлімдеді. Ал билеттердің бағасы нарықтағы сұранысқа қарай автомат түрде реттеледі. Сонымен қатар, билет қаншалық қымбаттайтынын болжау мүмкін емес. Тасымалдаушылар бағаға көптеген фактор әсер ететінін атап өтті.

"Лоукост деген әуекомпания үшін аз шығындарды білдіреді, соның есебінен біз билеттердің ең арзан бағаларын ұсына аламыз. Бірақ біз барлық билеттің ең арзан бағамен болатынына ешқашан кепілдік берген емеспіз. Әсіресе ұшу қарсаңында, бізде билет басқа әуекомпанияларға қарағанда қымбат болуы мүмкін. Өйткені біз сатылымды сегіз-тоғыз айға дейін ашамыз. Билеттер алты-жеті ай бұрын сатып алынады. Сонымен қатар, 2021 жылдың қаңтарында қазан айына дейін тоғыз ай бұрын көктемгі-жазғы кезеңге билеттер сатылымы ашылды. Шілде немесе тамыз айларында наурыз айына дейін күзгі-қысқы кезеңге билеттер сатуды ашу жоспарланып отыр. Тиісінше, барлық билет ең төмен бағамен алдын-ала сатылады. Қымбат билеттер қалады, ал сол бағытта билет сатуды кейінірек ашқандар орындарды арзан сата алады", - деп жауап берді лоукостердің баспасөз қызметіндегілер.

Компания өкілдері тек Қазақстандағы нарыққа жауап бере алатынын айтты. Ал шетелдік бағыттарда бағаға қатысты пікір білдіре алмайды.

"Сондықтан, демалыс маусымында, жазда, мереке және демалыс күндері арзан билет табу мүмкін емес. Ұшуға үнемдеудің негізгі ережесі - ерте брондау. Әуе билеттерінің бағасы динамикалық, ал ұшу күні неғұрлым жақын болса, орындар аз болады. Бұл - барлық тұрақты тасымалдаушы қолданатын әлемдік тәжірибе. Яғни, егер сіз бірнеше ай бұрын билеттерге қамқорлық жасамасаңыз, онда жазда саяхат қымбат болады. Демек, арзан тариф бойынша билеттерді таба алмағандар оларды кеш іздейді деген қорытынды жасауға болады", - деп түсіндірді FlyArystan баспасөз қызметіндегілер.


Көрнекі сурет ©Shuttertstock

Қазақстандық басқа әуетасымалдаушыларда да осындай жағдай байқалады. Тұтынушылардың әуе билеттерінің жоғары бағасына тап болуының бірнеше себептері бар: рейстің соңғы сәтінде билеттерді брондау және сатып алу, сонымен қатар қазіргі пандемияға байланысты көптеген халықаралық бағыттағы рейстердің сану шектеулі болуы.

Эйр Астана

Әуекомпанияда жолаушылар үшін көптеген тариф бар. Жыл мезгіліне, сатып алу уақытына және тарифті қолдану ережелеріне байланысты әрбір жолаушы үшін құн ерекшеленуі мүмкін.

Алматы - Нұр-Сұлтан бағыты бойынша ең арзан тариф сервистік алымды есептемегенде 12 056 теңге тұрады. Сол бағыттағы ең қымбаты - 53 056 теңге. Ал Нұр-Сұлтан - Ақтау бағыты бойынша ең төменгі тариф 17 250 теңгені құрайды. Құнына салмағы 23 килограмм бір орын көлемінде тегін жолжүкті алып жүру, тамақтану, Номад клубының мүшелері үшін балдарды есептеу 100 пайыз кіреді.

Бағыттың қашықтығынан, отын алымының әр түрлі деңгейінен және тарифтің өзінен, сондай-ақ әуежай жолаушылар алымының әртүрлі деңгейінен баға айырмашылығы туындайды.

Эйр Астананың арзан билеттерін сатып алудағы алаңдаушылық Дубай, Грузия және Черногорияға (Подгорица) баратын халықаралық бағыттарда байқалады.

Qazaq Air

Құны бойынша ең қолжетімді - "жеңіл"тарифі. Оған бес килограмм қол жүгі кіреді. Барлық қосымша қызмет (мысалы, багаж) билетті брондау кезінде немесе кейінірек, рейс ұшқанға дейін сатып алынуы мүмкін. Qazaq Air баспасөз қызметі компанияның ашықтық саясатын жүргізетінін және билет құнына енгізілген алымдар туралы ақпаратты ашатынын атап өтті.

Алматы - Нұр-Сұлтан және Нұр-Сұлтан - Ақтөбе бағыттары бойынша (Qazaq Air-дің Нұр-Сұлтаннан Ақтауға рейсі жоқ) бір айдан кейін - 2021 жылғы 21 шілдеде "жеңіл" тарифі бойынша билет сатып алу нұсқасын қарастырайық:

Нұр-Сұлтан - Алматы бағытында билет 16 872 теңге, оған әуекомпанияның 10 500 теңге тарифі, отын және әуежай жарнасы 5 723 теңге кіреді, сондай-ақ flyqazaq.com веб-сайтында қызмет көрсеткені үшін 649 теңге көлемінде сервистік жарна бар.

Нұр-Сұлтан - Ақтөбе бағытында билет 22 748 теңге, оған әуекомпанияның 16 000 теңге тарифі, отын және әуежай жарнасы 5 873 теңге кіреді, сондай-ақ flyqazaq.com веб-сайтында қызмет көрсеткені үшін 875 теңге көлемінде сервистік жарна бар.

Скриншоты, сделанные на веб-сайте flyqazaq.com во время тестового бронирования билетов

Qazaq Air жолаушылары арасында Нұр-Сұлтан - Ақтөбе, Нұр-Сұлтан - Алматы, Нұр-Сұлтан - Шымкент, Ақтөбе - Атырау және Алматы - Шымкент бағыттары үлкен сұранысқа ие.

SCAT

Баспасөз қызметінің мәліметінше, билеттің ең төменгі тарифі алты мың теңгеден басталады. Бұл сомаға әуежай жарнасы қосылады және ол бағытқа байланысты шамамен 1 000 - 2 000 теңге болады. Егер билет касса арқылы сатып алынған болса, + үзінді көшірме үшін тариф (билетті комиссиясыз SCAT әуекомпаниясының сайтынан сатып алуға болады). Бұл тариф қайтарылмайды және тек қол жүгі кіреді. Басқа да 20 келі багажды және қайтару мүмкіндігін қамтитын орташа деңгей, сондай-ақ багажды алып жүру нормасының жоғарылауымен және билетті айырбастау немесе қайтару мүмкіндігіне қарай қымбат тариф бар.

Алматы - Нұр-Сұлтан бағыты бойынша 2021 жылғы қазанға арналған ең төменгі тариф - барлық жарнасымен 9 091 теңге. Әуежай жарнасын қоспағанда - 6 000 теңге.

Нұр-Сұлтан - Ақтау бағыты бойынша 2021 жылдың қазан айына барлық жарнаны қосқанда ең төменгі тариф -  14 743 теңге. Әуежай жарнасын қоспағанда - 11 000 теңге.

FlyArystan

FlyArystan баспасөз қызметінің мәліметінше, ең төменгі тарифтер бойынша билеттердің құны әуежай жарнасын, борттағы кездейсоқ орынды, сондай-ақ көлемі 56*23*36 сантиметрден аспауы тиіс, салмағы бес килограмм болатын бір қол жүгін қамтиды.

Қосымша қызметтерді "Стандарт +", "Комфорт" және "Комфорт +"тарифтік пакеттерінде сатып алған тиімді. Бұл бірдей қызметтерді бөлек сатып алуға қарағанда 60 пайызға дейін арзан.

Алматы - Нұр-Сұлтан бағыты бойынша билеттердің ең арзаны 6 999 теңгеден басталады.

Минимальная стоимость билетов по направлению Нур-Султан - Актау начинается от 9 999 тенге.


booking.flyarystan.com сайтынан скриншот

Айта кетейік, әуежай жарнасы кез келген билет бағасына қосылады және қазақстандық әуетасымалдаушылардың билетінде көрсетілген бағаға кіреді. Бұл - әуежай қызметтері үшін төлем.

Қазақстанда Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі жұмыс істейді. Тұтынушылар билеттердің бағасын белгілеу мәселелері бойынша осы мекемеге жүгіне алады. Мысалы, әуебилеттердің жоғары бағасына шағымдануға боладын. Оларға электрондық үкімет порталы арқылы және электрондық мекенжай арқылы k.kense.azrk@azrk.gov.kz немесе +7 (7172) 749664 нөмірі бойынша жүгінуге болады.

Ведомстводағылар кейбір жағдайға байланысты мемлекет әуебилет бағасын реттемейтінін атап өтті. Мысалы, көптеген әуекомпанияның билеттері сатылып, сұраныс әлі де болса, бос орны бар компания билеттің құнын арттыруға құқылы. Қызмет бағасы мен тарифі ҚР Кәсіпкерлік кодексінің 116-бабына сәйкес дербес айқындалады.

"Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы әуекомпанияларының тарифтері сұраныс пен пайдаланушы туралы деректерге сүйене отырып, баға белгілеудің нарықтық тетіктері негізінде белгіленеді, яғни бағалар сұранысқа, билетті сатып алудың алдын ала жүргізілуіне, рейс күніне, рейстің ұшу уақытына және т.б. байланысты ұсталуы, көтерілуі және төмендеуі мүмкін, яғни динамикалық баға белгілеу пайдаланылады", - деді Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінінің өкілдері.