Қазақстандық әуекомпаниялар жыл басынан бері 5,5 миллион жолаушы тасымалдады

Фото ©️ Тұрар Қазанғапов

Қазақстандық әуекомпаниялары жыл басынан бері шамамен 5,5 миллион жолаушыны тасымалдады, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі Көлік министрлігі мәліметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстандық әуекомпаниялары жыл басынан бері шамамен 5,5 миллион жолаушыны тасымалдады, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі Көлік министрлігі мәліметіне сілтеме жасап.

Бұл көрсеткіш былтырғы сәйкес кезеңінен 17 пайызға артық.

"Бүгінде аптасына 640 рейс жиілігімен 53 бағыт бойынша 6 әуекомпаниясы жолаушыларға қызмет көрсетеді. Әлеуметтік маңызы бар бағыттардың көлікке деген қолжетімділігі және ішкі туризмді дамыту үшін елдің 9 өңірінде 19 ішкі авиамаршрут субсидияланады", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Халықаралық әуе қатынасы туралы айтатын болсақ, рейстер аптасына 619 жиілігімен 107 бағыт бойынша 29 елге орындалатынын атап өткен жөн. Оның ішінде, Ұлыбритания, Вьетнам, Германия, Грузия, Египет, Катар, Қытай, Малайзия, БАӘ, Таиланд және басқа елдер бар.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

TengriTravel

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная