Қазақстандық әуекомпания Жезқазғанға ұшатын рейстерді тоқтатты

Жолаушылар билеттерді қайта брондай алады немесе қаражатты толығымен қайтара алады. Qazaq Air екі бағыт бойынша рейстерді тоқтатты, - деп хабарлайды әуекомпанияның баспасөз қызметі.

Өндірістік қажеттілікке байланысты рейстер тоқтатылды. Ұшақтар келесі бағыттар бойынша ұшуды тоқтатады:

IQ389/390 "Нұр-Сұлтан - Жезқазған - Нұр-Сұлтан";
IQ439/440 "Жезқазған - Қарағанды - Жезқазған".

Жолаушылар билеттерді қайта брондау немесе ақшаны толығымен қайтару үшін байланыс орталығына немесе әуежайларға бара алады.

Әуекомпания жолаушылардан қолайсыздықтар үшін кешірім сұрады.

Ең маңызды жаңалықтар - біздің Facebook парақшамызда! Дəл қазір жазылып алыңыз!