25 маусым 2024 10:13

Қазақстандық әуекомпания бортында ұшқыш чемпионды құттықтады

видео кадры

Қазақстандық әуекомпаниясының бортында экипаж мүшелері баланы жеңісімен құттықтады. Оның реакциясы түсірілген видео әлеуметтік желілерде тарады, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандық әуекомпаниясының бортында экипаж мүшелері баланы жеңісімен құттықтады. Оның реакциясы түсірілген видео әлеуметтік желілерде тарады, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

32 жастағы Эсмира Самедова жұбайымен үш ұлды тәрбиелеп отыр: Иман, 6 жасар Ислам және 3 жасар Мүсілім. Отбасы Қостанай қаласында тұрады. Үлкен ұлы шахматпен айналысады, ал ата-анасы оның хоббиіне қолдау көрсетуге тырысады. Жақында анасы баласымен жарыстан қайтып, ұшықта отырған видеосын жариялады. Кадрлардан кенеттен экипаждың құттықтауын естіген бала таңғалып, орынан тұрғаны көрінеді.

Видео астына ондаған пікір жиналған, қолданушылар баланың мұндай сапарды ұзақ уақыт есте сақтайтынын жазған.

Реклама
Реклама

"Қандай сүйкімді бала, сондай қуанды. Ол тіпті, өзін айтып жатқанын көрсету үшін орынан тұрды", "Баланың жеңісі үшін шын жүректен қуаныштымыз. Бар жеңісті тілейміз", "Ата-анасының мақтанышы, жарайсың, қуаныштымыз", - деп пікір қалдырды қолданушылар.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!


Читайте также
Реклама
Реклама