Қазақстандық әуеакомпаниялар қанша жолаушыға қызмет көрсетті


2020 жылы пандемияға байланысты қазақстандық әуекомпаниялар қызмет көрсеткен жолаушылар саны былтырғымен салыстырғанда 36 пайызға төмендеп, 5,5 миллион адам болды, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz порталы.

ҚР ИДМ Азаматтық авиация комитеті баспасөз қызметінің мәліметінше, қазір аптасына 590 рейс 45 бағыт бойынша ішкі әуерейстер толығымен жаңартылды.

"Халықаралық бағыттар бойынша 14 елге (Түркия, Корея, БАӘ, Беларусь, Украина, Германия, Өзбекстан, Қырғызстан, Мысыр, Ресей, Грузия, Тәжікстан, Мальдив, Шри-Ланка)  35 бағыт бойынша аптасына 103 рейс кезең-кезеңімен жаңартылды", - делінген ведомствоның хабарламасында.

Бұған дейін Халықаралық әуе көлігі қауымдастығының (IATA) 2021 жылдың қаңтарында халықаралық жолаушылар тасымалына сұраныс 2019 жылдың қаңтарымен салыстырғанда 85,6 пайыз төмендегенін хабарлаған болатын. Бұл 2020 жылдың соңғы айымен салыстырғанда 0,3 пайызға көп.

"Биылғы маусым 2020 жылдың аяғындағы жағдаймен салыстырғанда нашар басталды. Шектеулердің қанша уақытқа созылатыны белгісіз болуы алдағы сапарларға әсер етеді. Мысалы, осы жылдың ақпанында солтүстік жарты шардағы жазғы туристік маусымға алдын-ала тапсырыс 2019 жылдың ақпан айындағы деңгейден 78 пайыз төмен болды", - деген еді IATA бас директоры Александр де Джуниак.




Осыған ұқсас мақалалар

"Екі ел арасындағы туристік қарым-қатынас өте жақсы дамыған" - Үндістан елшісі "Екі ел арасындағы туристік қарым-қатынас өте жақсы дамыған" - Үндістан елшісі
Қазақстанда Түркияға турлар қымбаттайды Қазақстанда Түркияға турлар қымбаттайды
"Әсеріңді сөзбен жеткізу мүмкін емес". Қастек үңгірлері туристерді несімен қызықтырады? "Әсеріңді сөзбен жеткізу мүмкін емес". Қастек үңгірлері туристерді несімен қызықтырады?