Қазақстандағы үздік туристік бағыт бойынша жастар байқауының жеңімпаздары анықталды

ЮНЕСКО клубтарының Қазақстандық Ұлттық Федерациясының "Жастар және мұра" жобасы аясында Үздік туристік маршруттар жасағаны үшін Қазақстаннан 12 жастар командасы марапатталды, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі.

Жобаға Қазақстанның 14 облысынан және республикалық маңызы бар қалалар - Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкенттен 16-29 жас аралығындағы жастар мен ЮНЕСКО клубтары өкілдерінен 178 команда қатысты. Олар туристік маршруттарды құру туралы бәрін біліп, аудио және бейне гидтер құруды үйренді. Қазақстанның мәдени және табиғи мұрасы саласындағы білімдерін тереңдетті. Жобада ішкі ұлттық туризмді ілгерілету, тұрақты туризмді танымал ету, жаңа туристік бағыттар ашу және мәдени, тарихи мұра объектілері туралы білімді тарату көзделген.

Жобаның практикалық бөлігінде командалар маршрут жасап, баратын орын туралы ақпараты бар мәтіндік құжат жазып, карта жасауы керек еді. Менторлардың көмегімен олар ары қарай промовидео мен аудиогидтер жасады.

Финалға 12 жұмыс өтті.

    1. Павлодар - "Ескі қаланың жанданған көшелері";
Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Tengri Travel (@tengritravel.kz)

2. Шығыс Қазақстан облысы, Катонқарағай ауданы, Катонқарағай ауылы - "Алтай-дело тонкое";

3. Павлодар - "Баянауыл аңыздарының ізі";

4. Жамбыл облысы, Қордай - "Тұлғалардың тұғыры";

5. Нұр-Cұлтан - "Есілмен жаяу";

6. Ақмола облысы, Ақкөл - "Мәңгілік естелік";

7. Петропавл - "Мәдени-тарихи бағыт";

8. Семей - "Жидебай-Бөрілі қорық-мұражайы";

9. Қарағанды облысы, Қарқаралы - "Қарқаралы";

10. Қызылорда - "Қызылорда тарихи жерлері"

11. Алматы - "Медеу-Фурманов ПИК";

12. Өскемен - "Марқакөл табиғи қорығы".

Бұл жоба Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің, Алматы қаласындағы ЮНЕСКО Кластерлік бюросының, Қазақстан Республикасының ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі ұлттық комиссиясының, Kazakh Tourism ҰК АҚ қолдауымен ЮНЕСКО-ның қатысу бағдарламасы шеңберінде іске асырылды және жастар арасында Қазақстанның мәдени және табиғи мұрасын насихаттауға бағытталған.

Қарашаның соңында "Жастар және мұра" жобасы аясында әзірленген барлық бағыт жинақталған қосымша іске қосылады. Бұл қосымша жергілікті, сондай-ақ шетелдік туристерге арнайы гидтің алып жүруінсіз Қазақстанның жаңа қалалары мен жерлерін танып білуге немесе жергілікті тұрғынның сөзі мен көзқарасынан өлкені зерттеу үшін осы бағыттардың авторларына, жас жанашыр жігіттерге жолығуға мүмкіндік береді.

Ең маңызды жаңалықтар - біздің Facebook парақшамызда! Дəл қазір жазылып алыңыз!
Еліміздегі жəне əлемдегі жаңалықтар жайында толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!