Қазақстандағы ұлттық парктердің аумағына кіру тарифтері қалай өзгереді?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Қазақстандағы ұлттық парктер аумағына кірудің жаңа тарифтері жарияланды, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі Экология және табиғи ресурстар министрлігіне сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Қазақстандағы ұлттық парктер аумағына кірудің жаңа тарифтері жарияланды, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі Экология және табиғи ресурстар министрлігіне сілтеме жасап.

Салық кодексінің 591-бабына ұлттық парктердің аумағына көлік құралдарының кіргені үшін төлемақы алу мәселесі бойынша енгізілген өзгерістерге сәйкес, "республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды (ҚТҚА) пайдаланғаны үшін" төлем ставкалары белгіленді. Ол әрбір тұру күні негізінде жасалады. Түзетулер 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді.

Бұған дейін 2024 жылы айлық есептік көрсеткіш 3 692 теңге болатыны белгілі болды.

  • жаяу жүргіншіден – 0,1 АЕК (шамамен 370 теңге);
  • мотоциклдер, мопедтер, квадроциклдер – 0,2 АЕК (шамамен 739 теңге);
  • жеңіл автомобильдер – 0,3 АЕК (шамамен 1108 теңге);
  • шағын автобустар 16 орынға дейін және жүк көліктері – 1 АЕК (3692 теңге);
  • 32 орынға дейінгі автобустар – 2 АЕК (7384 теңге);
  • 32 орыннан жоғары автобустар – 3 АЕК (11 076 теңге

"Пайдалану төлемінің мөлшері салық саясаты саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша көлік құралындағы жолаушылардың орташа саны негізінде белгіленді", - делінген Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің хабарламасында.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

TengriTravel
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная