ҰҚК Шекара қызметі өткізу пунктерінің жұмыс режимінің өзгеретінін мәлім етті, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік шекарасынан өтетін адамдарға қолайлы жағдайлар жасау мақсатында ҰҚК Шекара қызметі келесі автомобильдік өткізу пунктерінің жұмыс регламентіне өзгерістер енгізді:
Ресей Федерациясымен:
"Найза", Павлодар облысы
"Қоянбай", Абай облысы
"Байтанат", Абай облысы
Қытай Халық Республикасымен:
"Нұр Жолы", Алматы облысы
"Достық", Алматы облысы
"Қолжат", Алматы облысы
"Бақты", Шығыс Қазақстан облысы
"Майқапшағай", Шығыс Қазақстан облысы
Қырғыз Республикасымен:
"Кеген", Алматы облысы.
"2024 жылғы 1 наурыздан бастап көрсетілген өткізу пункттері сағат 07.00-ден 19.00-ге дейін жұмыс істейтін болады. Өзгерістер Үкіметтің 23.11.2000 жылғы № 1749 қаулысына сәйкес 2024 жылғы 1 наурыз сағат 00.00-ден бастап елдің барлық аумағында бірыңғай сағаттық белдеудің белгіленуіне байланысты енгізілді", - делінген ҰҚК хабарламасында.
Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!