Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы. Фото: Тұрар Қазанғапов Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы. Фото: Тұрар Қазанғапов

Қазақстандағы ең қымбат әуе рейстері аталды


Қазақстанда 2021 жылдың жазында қандай әуе бағыттары ең танымал, қымбат және арзан болғаны белгілі болды. Сұранысы жоғары әуе маршруттары туралы ақпаратты "Kazakh Tourism" ҰК" АҚ Sayahat Time телеграм-каналы жариялады.

Әңгіме ішкі рейстер туралы болып отыр. Ең арзан маршрут Ақтау - Атырау рейсі болды. Әуе билетінің бағасы шамамен 5 000 теңгені құрады. Сондай-ақ, бұл рейтингте жоғары орындарды Атырау - Ақтөбе, Атырау - Ақтау, Ақтөбе - Атырау және Қарағанды - Алматы әуе рейстері алды.

2021 жылдың жазында Қазақстандағы ең танымал ішкі әуе рейсі Алматы - Нұр-Сұлтан рейсі болды. Келесі орынды Нұр-Сұлтан - Алматы рейсі алды. Сондай-ақ, саяхатшыларға Нұр-Сұлтан - Шымкент, Шымкент - Нұр-Сұлтан және Шымкент - Алматы рейстері қызықты болды.

Ең қымбат әуе маршруты Алматы - Атырау рейсі болды. Оған билеттің бағасы 218 640 теңгені құрады. Ең қымбат рейстер тізіміне Қостанай - Алматы, Алматы - Ақтау, Ақтау - Нұр-Сұлтан, Нұр-Сұлтан - Қостанай рейстері де кірді, билет бағасы 183 996 теңге. Рейтингтің бесінші орнына Алматы - Нұр-Сұлтан рейсі, оған билет бағасы 169 496 теңге болды.

Халықаралық әуерейстерге келетін болсақ, билеттер көбінесе Ташкенттен Алматыға және кері сатып алынады. Таяу шет елдерді есептемегенде, қазақстандықтар Анталия мен Ыстамбулға жиі барады.

Aviata.kz - үйіңізден немесе кеңсеңізден шықпай-ақ, әлемнің қалаған нүктесіне теміржол және әуе билеттерін кез келген бағытта онлайн режимінде табуға, брондауға және сатып алуға мүмкіндік беретін сервис.

Әуе және теміржол билеттерін сатып алуға болатын "Авиата" қосымшасын мына сілтеме сілтеме бойынша жүктеуге болады.





Осыған ұқсас мақалалар

Алматы облысының жеткілікті бағаланбаған 10 көрікті жері Алматы облысының жеткілікті бағаланбаған 10 көрікті жері
Мұнай үшін құрғатпақ болған әлемдегі ең үлкен көл. Каспий жайлы қызық деректер Мұнай үшін құрғатпақ болған әлемдегі ең үлкен көл. Каспий жайлы қызық деректер
Қазақстанның туризмді дамыту жоспары қандай екені айтылды Қазақстанның туризмді дамыту жоспары қандай екені айтылды