Қазақстанда биыл 11 мыңнан астам мектеп жанындағы, қала сыртындағы, шатырлы, спорттық, балаларға арналған киіз үй лагерлері жұмыс істейді. Kaz.tengritravel.kz тілшісі оларды қайдан табуға және билеттерді қалай сатып алуға болатынын айтып береді.
ҚР Білім және ғылым министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, ата-аналарға ыңғайлы болуы үшін bala-demalys.kz сайты мен мобильді қосымша әзірленді. Балалар лагерлерінің интерактив картасы кез келген адамға лагерь бағдарламасын табуға және алдын ала танысуға, ол туралы жалпы әсер алуға мүмкіндік береді.
Балаларға арналған лагерді қалай табуға болады
Қазіргі уақытта сайтта 144 балалар лагері туралы ақпарат бар. Сондай-ақ, база аймақтардан келген басқа балалар демалыс орындары туралы ақпаратпен толықтырылып жатыр. Лагерь туралы жалпы ақпаратпен қатар, сайт пайдаланушыларға лагерлердің сапасы мен қауіпсіздігі туралы мемлекеттік сертификаттардың болуын көрсетеді. Орынды сайтта бірден брондауға болады, төлем бронды тікелей лагерь басшылығы растағаннан кейін жасалады.
Сонымен қатар, ата-аналарға ыңғайлы болу үшін ресурс әртүрлі критерий бойынша іздеу жүйесін ұсынады. Мысалы, егер біреу белгілі бір лагерь туралы ақпарат тапқысы келсе, оны базадан аты бойынша таба аласыз. Сондай-ақ, қажетті аймақта орналасқан орындарды да табуға және белгілі бір маусымды таңдауға болады.
Сайтта балалар лагерлерінің бағасы қандай
Егер ата-ана бағасын білгісі келсе, онда іздеу жүйесінде қажетті баға диапазонын реттеуге болады. Билеттердің бағасы әртүрлі: өмір сүру жағдайларына, баланың ұзақтығы мен жасына байланысты. Біз сайтта ұсынылған максималды және минималды бағаларды таңдадық. Нұр-Сұлтанда іздеу жүйесінде шыққан ең төменгі құны - 20 мың теңге, ең жоғары - 25 мың теңге (бес күннен 10 күнге дейін) береді. Алматы мен Алматы облысында ең төменгі баға - 25 мың теңге, ал бассейндері мен бес мезгілдік тамақтануы бар лагерьдегі 10 күндік демалыстың ең жоғары бағасы - 112 мың теңге. Шымкентте 34 мың теңгеден бастап. Ақмола облысында, Бурабайда балалар лагері де көп. Ең төменгі баға - 10 мың, ең жоғары баға - 88 мың теңге.
ҚР Білім және ғылым министрлігі бұл бағаға тұру мен тамақтану кіретінін еске салды. Сондай-ақ, балалар лагерлеріне жолдамаларға жеңілдіктер бар.
"Тегін жолдамалар мемлекеттік білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілерінің мына санаттары бойынша беріледі:
1) Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан шыққан балаларға;
2) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы табысы ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан балаларға;
3) жетім балаларға және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, отбасыларда тұратын балаларға;
4) төтенше жағдайлардың салдарынан шұғыл жәрдемді талап ететін отбасылардан шыққан балаларға;
5) білім беру ұйымының алқалы органы айқындайтын білім алушылар мен тәрбиеленушілердің өзге де санаттарына тегін және жеңілдікпен беріледі", - делінген ведомство хабарламасында.
Еліміздегі жəне əлемдегі жаңалықтар жайында толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!