Қазақстанда үздік шипайжалар рейтингі жарияланды

© pixabay.com

Қазақстанда постковид оңалту бағдарламалары бар үздік шипажайлар анықталды, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz порталы "Kazakh Tourism ҰҚ" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстанда постковид оңалту бағдарламалары бар үздік шипажайлар анықталды, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz порталы "Kazakh Tourism ҰҚ" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Қазақстан өзінің бірегей рекреациялық ресурстарымен пост-ковид оңалту мақсатында санаториялық-курорттық демалысты ұйымдастыру бойынша ТМД көшбасшысы бола алады.

Реклама
Реклама

Короновирустан кейінгі оңалтудың өсіп келе жатқан сұранысына байланысты ҚР Ұлттық Курорттық қауымдастығы санаториялық-курорттық нысандарды зерттеу қорытындысы бойынша COVID-19 жұқтырған адамдарды оңалту бойынша бағдарламалары бар 10 үздік шипажайды анықтады.

Осылайша, "Сарыағаш" курорттық аймағындағы шипажайлардың ішіндегі коронавирустан кейінгі оңалту бағдарламаларын ұсынатын ең үздігі - "Алтынай" және "Қазақстан KZ" шипажайлары. Сондай-ақ, бұл тізімге Түркістан облысындағы "Манкент" шипажайы да кірді.

Үздік ондыққа Жамбыл облысындағы Merke Radon және "Айша-бибі", Алматыдағы "Қазақстан"; Altyn Kargaly қонақүй шипажайы, Almaty Resort шипажайлары; Батыс Қазақстан облысында - Nurbergen Health Resort; Ақтөбе облысында - "Шипагер" және Ақмола облысында - "Оқжетпес" емдеу сауықтыру кешені.

"Kazakh Tourism" ұлттық компаниясы ҚР Ұлттық Курорттық қауымдастығымен бірлесіп, еліміздегі 173 шипажай-курорттық нысандарына инспекция жүргізді, оның қорытындысы бойынша жаңартылған тізім ұсынылды, мұнда жұмыс істеп тұрған шипажайлар туралы өзекті ақпарат орналастырылды.

TengriTravel

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная