Қазақстанда ұшақ жолаушыларының салмағы өлшенеді

@Shutterstock

"Эйр Астана" әуекомпаниясы 2021 жылғы 9-31 тамыз аралығында Алматы және Нұр-Сұлтан әуежайларынан ішкі және халықаралық рейстермен ұшатын 18 жастан асқан жолаушылардың салмағын өлшейді, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

"Эйр Астана" әуекомпаниясы 2021 жылғы 9-31 тамыз аралығында Алматы және Нұр-Сұлтан әуежайларынан ішкі және халықаралық рейстермен ұшатын 18 жастан асқан жолаушылардың салмағын өлшейді, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі.

Әуекомпания баспасөз қызметінің мәліметінше, салмақ өлшеу ерікті болады. Бұл билет құнына ешқандай әсер етпейді және ұшу қауіпсіздігін арттыру мақсатында ғана жүргізіледі.

Реклама
Реклама

"Халықаралық әуе көлігі қауымдастығының (IATA) қағидаларына сәйкес, әуе кемесінің теңгерімін белгілеу үшін статистикалық деректерді жинау мақсатында ұшу алдында жолаушылардың салмағы өлшенеді. Бұл процедураны қауымдастық мүшелері - әуекомпаниялар бес жылда бір рет жүргізеді", - деп атап өтті әуекомпаниядағылар.

Ниет білдірушілердің салмағын өлшеу рейске тіркелгеннен кейін жолаушының жынысы бойынша бөле отырып, арнайы бөлінген орында жүргізіледі. Рәсім құпия ақпаратты жинауды көздемейді. Сондай-ақ, салмақ өлшеу рәсімінен өткен жолаушылар лотереяға қатысады.

Ең маңызды жаңалықтар - біздің Facebook парақшамызда! Дəл қазір жазылып алыңыз!
Елімізде жəне əлемдегі жаңалықтар жайлы толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!

TengriTravel

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная