Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен елімізде жаңа 14-ші "Ұлытау" ұлттық паркі құрылды. Бұл туралы экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев Twitter-дегі парақшасында жазды, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі.
"Ұлытау" ұлттық паркі Қарағанды облысында орналасып, оның аумағы 58,9 мың гектарды құрайды.
"ҚР Үкіметінің 2021 жылғы № 867 Қаулысына сәйкес, "Ұлытау" Мемлекеттік Ұлттық табиғи паркі құрылды. Бұл - еліміздегі 14-ші ұлттық парк. Еліміздің экожүйесін қорғау жолындағы елеулі жетістік деуге болады. ҚР ЭГТРМ табиғатты қорғау жолындағы кешенді жұмыстарды жалғастыра береді", - деп жазды министр.
ҚР Үкіметінің 2021 жылғы № 867 Қаулысына сәйкес, «Ұлытау» Мемлекеттік Ұлттық табиғи паркі құрылды. Бұл еліміздегі 14-ші ұлттық парк. Еліміздің экожүйесін қорғау жолындағы елеулі жетістік деуге болады. ҚР ЭГТРМ табиғатты қорғау жолындағы кешенді жұмыстарды жалғастыра береді. pic.twitter.com/PlTeZTQ7TZ
— Серікқали Брекешев (@S_Brekeshev) December 8, 2021Парктің мақсаты - әртүрлі экологиялық және ғылыми құндылықтың мемлекеттік табиғи кешендерінде биологиялық және ландшафтық байлығын сақтау және қорғау.
Еліміздегі жəне əлемдегі жаңалықтар жайында толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!