Қазақстанда туризмді қалай дамытады және оған қанша қаражат жұмсайды: Түркістан облысы

Kaz.tengritravel.kz порталы еліміздің белгілі бір аймағында туризмді дамыту туралы бірқатар материал әзірлеп жатыр. Түркістан облысынан бастайық.

Түркістан облысы тарихи және мәдени нысандарға бай. Туризм басқармасының мәліметінше, өңір аумағында 1 754 тарих және мәдениет ескерткіші орналасқан, оның ішінде халықаралық маңызы бар бір нысан - Қожа Ахмет Ясауи кесенесі, сондай-ақ республикалық маңызы бар 31 нысан, жергілікті маңызы бар 421 нысан, алдын ала тізімдегі 1 301 нысан бар.

Мұнда, негізінен, қажылық туризм (Түркістан мен Отырар ауданында), экологиялық туризм (төрт ерекше қорғалатын табиғи аумақ: ЮНЕСКО биосфералық объектілерінің тізіліміне енгізілген "Ақсу-Жабағылы" және "Қаратау" қорықтары, "Сайрам-Өгем" мемлекеттік ұлттық табиғи паркі және "Сырдария-Түркістан" мемлекеттік өңірлік табиғи паркі) және емдеу-сауықтыру туризмі (Сарыағаш ауданында) кең таралған.

Фото Түркістан облысы туризм басқармасының "Turkistan Tourism Center туристік ақпараттық орталығы" КММ

Өңір тұрғындары мен қонақтарына - 214 орналастыру орны, 68 емдеу-сауықтыру орталығы, 60 демалыс орны ұсынылады.

2025 жылға қарай өңір мынадай көрсеткіштерге қол жеткізуге:

  • қонақтар санын 2 миллион адамға дейін көбейту,
  • санаторий-курорттық ұйымдарға келушілер санын 100 мың адамға дейін ұлғайту,
  • ішкі туристер санын 348 мың адамға дейін арттыру,
  • сырттан келетін туристер санын 21,8 мың адамға дейін көбейту,
  • орын қорын (төсек-орын саны) 8 436 бірлікке дейін ұлғайту,
  • туризм саласына салынатын инвестицияны 329,7 миллиард теңгеге дейін ұлғайтуға ұмтылады.

Туризм инфрақұрылымын дамыту мақсатында инфрақұрылымдық жобалар пулы әзірленді. Олар негізінен, жол құрылысына қатысты. Мәселен, 16 жобаға 57,3 миллиард теңге бөлінеді. Оның бесеуі жалпы сомасы 12,5 миллиард теңгеге аяқталды.

"Керуен-сарай" кешені. Фото "Түркістан облысы туризм басқармасының "Turkistan Tourism Center туристік ақпараттық орталығы" КММ

Бұдан басқа, жалпы сомасы 86,9 миллиард теңгеге 35 туристік инвестициялық жоба іске асырылып жатыр. Мысалы, 8 шілдеде Түркістаннан 12 шақырым жерде орналасқан Шаға ауылында жағажай пайдалануға берілді.

Өңірдің туризмін дамытуға 2021 жылы 156,4 миллион теңге, ал 2022 жылы 293,9 миллион теңге бөлінді. Осы жылға бөлінген қаражат туристік іс-шараларды іске асыру жөніндегі қызметтер мен жұмыстарға көзделген:

  • Қазақстанның мәдени мұрасын сақтау бойынша халықаралық тыңдауларды ұйымдастыру және өткізу жөніндегі қызметтер (Ясауи кесенесі),
  • түркітілдес елдер жұлдыздарының қатысуымен "Туризм додасы" туристік реалити-бағдарламасы,
    "Ауыл Travel" және "Аманат" туристік бағдарламасы,
  • еліміздің эстрада жұлдыздарының қатысуымен оpen аir туристік іс-шаралары,
  • "Дубай Экспо - 2020" халықаралық туристік көрмесінде өңірдің туристік әлеуетінің тұсаукесері,
  • "ИННОПРОМ" халықаралық көрмесінде өңір қолөнершілерінің жәрмеңкелерін ұйымдастыру жөніндегі қызметтер,
  • фотоспотты орнату бойынша қызметтер,
  • KITF 2022 халықаралық туристік көрмесіне қатысу,
  • туристік ақпараттық турларды ұйымдастыру жөніндегі қызметтер,
  • Түркістан облысының туристік индустриясын цифрландыруды жүзеге асыру жөніндегі қызметтер (Қазақстан Республикасында туристік индустрияны цифрландыруды жүзеге асыру әдіснамасы негізінде),
  • туристік-рекреациялық аймақты ашуды ұйымдастыру жөніндегі қызметтер және үлестірме материал әзірлеу (туристік журнал, туристің анықтамасы, логотипі бар футболкалар мен қалпақтар, туристік кәдесыйлар).

Ясауи музейі. Фото "Түркістан облысы туризм басқармасының "Turkistan Tourism Center туристік ақпараттық орталығы" КММ

"Бүгінгі таңда жоспарланған қаражаттың 157 миллион теңгесі жұмсалды. Түркітілдес елдер жұлдыздарының қатысуымен "Туризм додасы" туристік реалити-бағдарламасы, "Ауыл Travel" және "Аманат" туристік бағдарламалары, ел эстрадасы жұлдыздарының қатысуымен open air іс-шаралары, "Дубай Экспо - 2020" халықаралық туристік көрмесінде өңірдің туристік әлеуетінің тұсаукесері ұйымдастырылды, "ИННОПРОМ" халықаралық көрмесінде өңір қолөнершілерінің жәрмеңкесі, KITF 2022 халықаралық туристік көрмесіне қатысу, Түркістан облысының туристік индустриясын цифрландыру (Қазақстан Республикасында туристік индустрияны цифрландыруды жүзеге асыру әдіснамасы негізінде), туристік-рекреациялық аймақты ашу, туристік журнал, туристерге арналған анықтама, логотипі бар футболкалар мен қалпақтар, туристік кәдесыйлар әзірленді",- деп қорытындылады облыстың туризм басқармасы.

Ең маңызды жаңалықтар - біздің Facebook парақшамызда! Дəл қазір жазылып алыңыз!