Қазақстанда туризмді қалай дамытады және оған қанша қаражат жұмсайды: Маңғыстау облысы

Фото©Shutterstock

Kaz.tengritravel.kz порталы Қазақстан өңірлерінде туризмді дамыту туралы материалдар сериясын жалғастырады. Бұл үшін бюджеттен қанша ақша бөлінетіні туралы да жазады. Біз Түркістан облысы туралы әңгімеледік, келесі кезекте Маңғыстау облысы болып тұр.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Kaz.tengritravel.kz порталы Қазақстан өңірлерінде туризмді дамыту туралы материалдар сериясын жалғастырады. Бұл үшін бюджеттен қанша ақша бөлінетіні туралы да жазады. Біз Түркістан облысы туралы әңгімеледік, келесі кезекте Маңғыстау облысы болып тұр.

Маңғыстау облысы туризм басқармасының мәліметінше, өңірде жағажайлық, экологиялық және тарихи-мәдени туризм дамып келеді. Аймақ жағажай маусымын бес айға дейін арттыруға бағытталған.

Реклама
Реклама

"Тарихи-мәдени туризм тарихи-мәдени, археологиялық қорықтардың құрамында ежелгі сәулет өнерінің көптеген ескерткішін аралауды білдіреді. Туристерді мұражай-кесенелер, мешіттер, қорғандар мен петроглифтер, сондай-ақ Маңғыстау облыстық өлкетану мұражайы, Маңғыстау мемлекеттік тарихи-мәдени қорығы, Түпқараған ауданындағы Мұрын жырау мұражайы, Тарас Шевченконың мемориалдық мұражайы, Маңғыстау ауданындағы Серікбол Қондыбай атындағы мемориалдық мұражай, Еңбек даңқы мұражайы қызықтырады.

Эко, этнотуризм, сауықтыру және танымдық туризм халықтың демалу қажеттіліктерін барынша толық қанағаттандыруға мүмкіндік береді. Оның ішінде этноауыл Көгез, Сартас орталығы, Бозжыра шатқалы, Шерқала, Айрақты, Сор-Тұзбайыр таулары бар.

Қасиетті туризм - ең көне және сонымен бірге жаңа түрлердің бірі. Мұнда Бекет ата, Шопан ата, Шақпақ ата, Сұлтан Епе, Қараман ата жер асты мешіттеріне және басқа да қорымдарға баруға болады", - деп хабарлады ведомстводан.

Бекет ата мешіті. Фото ©Shutterstock 

Басқарма туристік көрікті жерлердің өзіндік рейтингін ұсынды.

Маңғыстау облысындағы үздік 10 орын:

Бозжыра таулары,
Бекет ата және Шопан ата жерасты мешіттері,
Тұзбайыр соры,
Қарақие ойпаты,
Айрақты-Шоманай қамалдарының алқабы,
Шерқала таулары,
Отпан тау,
Жығылған ,
Торыш шар алқабы,
Қапамсай шатқалы.

Ақтаудағы үздік 10 орын:

Ақтау жағалауы,
Жартасты соқпақ,
"Каспиан Ривьера" қонақүйіндегі аквариум",
Судағы ойын-сауық және демалыс,
Тарихи-өлкетану мұражайы,
Еңбек даңқы мұражайы,
Жағажайлар,
"Ақтау" сауда-ойын-сауық кешені,
Маңғыстау тарихи-мәдени қорығы,
Н. Жантөрин атындағы музыкалық-драма театры.

Торыш шар алқабы. Фото ©Shutterstock 

Басқармада Маңғыстаудың туристік аймағы республиканың перспективалық туристік аймақтарының үздік ондығына кіретінін еске салды. 2020 жылдың шілдесінде "Rixos WaterWorld Aktau көпфункционалды туристік-қонақүй кешені" жобасының бірінші кезеңі аяқталды. 2020 жылдың тамызында Holiday Inn Ақтау қонақүй кешенінің "Лагуна"аквапаркі іске қосылды. Ал 2021 жылдың 21 шілдесінде Қазақстандағы алғашқы біріктірілген Тetysblu тақырыптық паркі мен аквапаркінің ашылу салтанаты өтті.

"Саябақ Ақтау қаласының туристік аймағында (Ақтаудан 20 шақырым жерде) орналасқан, оған Орталық Азияда теңдесі жоқ BluPower, Watermania, Snorri аттракциондары мен тағы да 16 бірегей аттракцион орнатылған. Аумақта Каспий теңізіне қарайтын шолу дөңгелегі, жылдам жүретін америкалық төбешіктер, "Жалқау өзен", толқынды бассейн және Water World бар. Демалушылар үшін қоғамдық тамақтану аймақтары әзірленді", - деп атап өтті ведомстводан.

Жаңа нысандар салынып жатыр.

"Туризм саласындағы жобаларды іске асыру өңірге қосымша инвестициялар тартуға, жаңа туристер ағынын қамтамасыз етуге, жаңа жұмыс орындарын құруға, салық аударымдарының түсуіне мүмкіндік береді. Туризмнің бір саласын ғана емес, сонымен қатар экономиканың басқа да аралас салаларын дамытуға серпін береді, нәтижесінде Маңғыстау облысының әлеуметтік-экономикалық дамуына оң серпін береді", - деп атап өтті ведомстводағылар.

Қарақия ойысы, Фото ru.wikipedia.org сайтынан

Туризм басқармасының мәліметінше, өңірде алдағы төрт жыл ішінде (2022-2025 жылдар) 16 инвестициялық туристік жобаны іске асыру жоспарланып отыр. Атап айтқанда, биыл алты жобаны іске қосу жоспарланған:

Көпфункционалды қонақүй-туристік кешен - "Гольф-клуб" құрылысының екінші кезеңін аяқтау. Виллалары бар Гольф-қонақүй",
"Town Center сауда орындары" көпфункционалды қонақүй-туристік кешені құрылысының екінші кезеңін аяқтау,
Виллалар мен апартаменттер кешені құрылысының екінші кезеңін аяқтау, Dream Village ЖШС,
Acqualina Resort курорттық-қонақүй кешенінің құрылысы,
Түпқараған ауданында "Сартас" визит-орталығының құрылысы,
"Фламинго Резорт" демалыс базасы.

Инфрақұрылым туралы айта отырып, ведомство рекреациялық жағалауының оңтүстік-шығыс аумағы егжей-тегжей жоспарланғанын хабарлады: туристік аймақтарда тиісті инфрақұрылымды (электрмен, сумен және газбен жабдықтау, сондай-ақ автомобиль жолы) дамыту үшін жобалар дайын. Курорттың инженерлік инфрақұрылымы бойынша барлық құрылыс-монтаж жұмысын 2023 жылы аяқтау жоспарланған.

Бүгінгі таңда бес жоба бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр:

"МАЭК-Қазатомөнеркәсіп "су тартуынан "Алау" демалыс базасына дейінгі автомобиль жолын қайта жаңарту;
Ақтау - Өмірзақ автомобиль жолын қайта жаңарту;
Автомобиль жолының № 3 және № 1 қиылысынан (Honda center) Өмірзақ ауылының Т-тәрізді қиылысына дейінгі учаскені қайта жаңарту;
Ақтау - Форт-Шевченко - 5-тен 43-ші километрге дейінгі автомобиль жолын қайта жаңарту;
Жыңғылды - Шайыр - Шерқала автомобиль жолын қайта жаңарту.

Бес жобаның жалпы ұзындығы 89,1 шақырымды құрайды, оның 68,7 шақырымы аяқталды.

Тұзбайыр фото: Әлібек Бегалинов 

Маңғыстау облысының туристік инфрақұрылымын дамыту шеңберінде жол құрылысына төрт жобалық-сметалық құжаттама әзірленді:

Саура шатқалына;
Тамғалы шатқалына;
Сұлтан-Епе қорымына;
Шақпақ ата қорымына.
Қамалдар алқабы, "құлаған" жер және қазақ Аризонасы.

2021 жылы әлемде коронавирустың таралуына байланысты туризм саласына бөлінген қаражат жергілікті бюджетке қайтарылды. Өңірдің туристік әлеуетін дамыту үшін 2022 жылға жергілікті бюджеттен 80 миллион теңге бөлінді.

Ең маңызды жаңалықтар - біздің Facebook парақшамызда! Дəл қазір жазылып алыңыз!

TengriTravel

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная