Қазақстанда "туристерге салынатын салық" кәсіпкерлердің наразылығынан кейін өзгереді

© elements.envato.com

Шетелдіктер үшін туристік жарна алу ережелері өзгереді, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі "Атамекен" кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Шетелдіктер үшін туристік жарна алу ережелері өзгереді, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі "Атамекен" кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мәдениет және спорт министрлігінің өкілдері Қазақстанда Bed Tax - туристік жарнаны енгізу тетігін талқылау үшін кәсіпкерлермен бірнеше рет кездесті.

"Нәтижесінде Bed Tax шетелдіктері үшін туристік жарнаның пайыздық мөлшерлемесін белгіленген ставкаға ауыстыру туралы тұжырымдамалық шешім қабылданды. Енді Астана, Алматы және Шымкент қалалары үшін 0,5 АЕК және қалған өңірлер үшін 0,2 АЕК мөлшерінде тіркелген мөлшерлеме қолданылады", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Туризм департаментінің басқарушы директоры Дамиля Құнанова қабылданған ұсыныстардың тұсаукесері өткен қонақ үйлердің қатысуымен кеңейтілген кеңес барысында салалық министрлікке және бизнес қоғамдастыққа осы мәселені шешуге белсенді қатысқаны үшін алғысын білдірді.

"Біз Үкіметтің туристік жарна төлеу жөніндегі қаулысын іске асыру бойынша кезекті рет жиналып отырмыз. Нарықта төлем тетігі бойынша туындаған мәселелерге байланысты біз сұрақ 2022 жылғы қарашадан бастап бақылауда. Қаулы және салалық заңнама бойынша бизнестің көптеген ұсыныстары ҚР МСМ тарапынан қабылданғанын атап өткім келеді. Ережеге өзгерістер енгізу бойынша ұсыныстарға жедел бастамашылық жасаған туризм саласындағы әріптестеріме, сондай-ақ бейінді министрлікке оларды қолдағаны үшін алғысымды білдіремін", - деді Дамиля Құнанова.

Туризм индустриясы комитетінің төрағасы Дастан Рысбековтың айтуынша, қаулы мен заңнамаға тиісті өзгерістер енгізу біраз уақыт қажет етеді.

"Нормативтік-құқықтық актілерді қабылдаудың қолданыстағы рәсімдерін ескере отырып, Ұлттық палатамен келісе отырып, біз ҚР Үкіметінің қаулысына өзгерістер енгізу мәселесін бірінші кезекте пысықтаймыз, ол 1-1,5 айға созылады, бұдан әрі жыл соңына дейін заңнамаға өзгерістер енгізу мәселесін пысықтаймыз", - деп Дастан Рыспеков атап өтті.

Бұдан басқа, ҚР МСМ тарапынан қолданған нарық ұсыныстарының ішінде шетелдіктерге арналған туристік жарна операторлары тізімінен балалар-сауықтыру орталықтарын, жол бойындағы сервис объектілері жанындағы қонақ үйлерді алып тастауды атап өткен жөн. Операторлардың жұмысын жеңілдету үшін ЖАО-ға төленген туристік жарнаны есепке алу жөніндегі мәліметтерді ұсыну бойынша нысаны мен мерзімін өзгерту ұсынылады, 18 жасқа дейінгі балаларды жарна төлеуден босату, тұрғылықты жерінің алғашқы 14 күні ішінде ғана алу жөніндегі ұсыныстар қаралатын болады.

Сондай-ақ, қонақүйлер салықтық және бухгалтерлік әкімшілендірудің нақты механизмінің жоқтығына алаңдайды. Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

TengriTravel

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная