Қазақстанда тозған вагондар қашан жаңарады?

архив сурет:

"Жолаушылар тасымалы" АҚ басқарма төрағасы Жәнібек Тайжанов Қазақстанда тозған вагондар қашан жаңартылатынын айтты, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі Massaget.kz-ке сілеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

"Жолаушылар тасымалы" АҚ басқарма төрағасы Жәнібек Тайжанов Қазақстанда тозған вагондар қашан жаңартылатынын айтты, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі Massaget.kz-ке сілеме жасап.

"Ұлттық тасымалдаушы компанияда мұндай 600 вагон бар. Жеке тасымалдаушыларда да осындай вагондар бар. Олар 28 жылдан бері пайдаланылып келеді. Вагондар 1980-1990 жылдары шығарылған. Зауыттан шыққанда оларда кондиционер болмаған. Бұл вагондар 2030 жылға дейін есептен шығарылады", - деді Жәнібек Тайжанов Сенат кулуарында.

Басшы бүгінде жаңа вагондарды жаңарту және сатып алу жұмысы жүргізіліп жатқанын атап өтті.

Реклама
Реклама

"Қазір 150-ге жуық вагон сатып алдық. Нақты айтсақ, 157 вагонды сатып алуға келісімшарт жасастық. 2025 жылы Stadler вагондары жеткізіледі деп жоспарлап отырмыз, ал 2030 жылы елімізде пайдалану мерзімі 10-13 жыл болған жаңа вагондар болады. Нәтижесінде, қазақтандықтар ескі вагондар мәселесін ұмытады", - деп басқарма төрағасы.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

TengriTravel

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная