Жыл басынан бері тәртіп бұзған 100-ден аса жолаушы Ұлттық тасымалдаушы пойыздарынан шығарылған, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі "Жолаушылар тасымалы" компаниясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бір қызығы, бұл көрсеткіш 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 22 пайызға төмен.
"Жыл басынан бері компания қызметкерлері көлік полициясымен бірлесіп, пойыздарда қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін 117 жолаушыны түсірді", - деп хабарлады баспасөз қызметі.
Жолаушы пойыздан мынадай жағдайларда шығарылуы мүмкін:
- егер жолаушы алкоголь немесе есірткіге масаң күйде болса және оның мінез-құлқы басқа жолаушылардың қауіпсіздігіне қауіп төндіретін немесе қолайсыздықтар туғызатын болса;
- жолаушы рұқсат етілмеген жерлерде, оның ішінде пойыз вагондарында темекі шегетін болса;
- жолаушы жеке басын куәландыратын құжаттарды көрсетуден бас тартса және сатып алған теміржол билеті болмаса;
- егер жолаушы басқа жолаушыларға немесе пойыз қызметкерлеріне агрессия көрсетсе;
- егер жолаушы тыйым салынған заттарды немесе басқаларға қауіп төндіретін жүкті тасымалдаса.
Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!