Қазақстанда тағы бір халықаралық теміржол бағыты қайта іске қосылады

Фото: ҚТЖ

Риддер-Новосибирск халықаралық теміржол қатынасы бойынша пойыздар қашан жүре бастайтыны белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Риддер-Новосибирск халықаралық теміржол қатынасы бойынша пойыздар қашан жүре бастайтыны белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазақстан Көлік министрлігі Ресей көлік министрлігімен тиісті келісімге келгені нақтыланды.

"Пойыздар 2024 жылдың 18 желтоқсанынан бастап төрт күнде бір рет жүре бастайды", - делінген ведомствоның баспасөз қызметінің хабарламасында.

Реклама
Реклама

РЖД қызмет көрсететін № 407/408 Новосибирск – Риддер халықаралық пойызы 250 жолаушыға арналған 6 вагоннан (3 купе, 3 плацкарт) тұрады.

"Вагондар ауаны баптау және бейнебақылау жүйелері, био-дәретхана кешендері, розеткалар, мобильді құрылғыларды/гаджеттерді қайта зарядтауға арналған USB порттары және әр орынның жанында және басқаларында жеке жарықтандырумен жабдықталған", – деп хабарлады Көлік министрлігі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

TengriTravel

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная