Қазақстанда Ресей және Түркиямен тұрақты рейстер көбейді

Қазақстан Ресей және Түркиямен тұрақты рейстерді көбейтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі азаматтық авиация комитетіне сілтеме жасап.

Қазақстан Республикасының аумағында коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның 2021 жылғы 28 қаңтардағы шешіміне сәйкес, Ресеймен тұрақты жолаушылар рейстерін әр тараптан аптасына 1 рейстен 3 рейске дейін, сондай-ақ Түркиямен түрік тарапы үшін Анталья - Алматы бағыты бойынша аптасына 1 рейске ұлғайтуға рұқсат берілді.

"Қазақстан мен Ресей арасындағы тұрақты рейстер ұлғайтылғаннан кейін, ресейлік тараптың келісімін ескере отырып, әуе қатынасы әр тараптан Нұр-Сұлтан - Мәскеу (аптасына 2 рейс) және Алматы - Мәскеу (аптасына 1 рейс) бағыттары бойынша аптасына 3 рейстен орындалады.

Рейстер санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды қатаң сақтай отырып және әуе компаниялардың сайттарында жарияланған кестеге сәйкес орындалады", - делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!