Қазақстанда ПТР-тест пен масканың жаңа бағасы белгіленді

Фото Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Зертханалық қызметтер мен жеке қорғаныш құралдарына жаңа баға қойылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Зертханалық қызметтер мен жеке қорғаныш құралдарына жаңа баға қойылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, коронавирустың екінші толқынына дайындық мақсатында Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігіне бағаларға талдау жүргізу және зертханалық қызметтер мен жеке қорғаныс құралдарының бағалық саясатына мониторинг жүргізу тапсырылған.

Реклама
Реклама

Нәтижесінде ПТР-тест бағасы 36 нарық субъектісімен ашық сауда-өткізу саясатын көздейтін монополияға қарсы комплаенс жасау арқылы 18 000-нан 9 000-ға дейін төмендетілді ("Олимп "КДЛ" ЖШС және "Инвиво" ЖШС 9 мың теңгеден аспайтын бағаларды белгіледі, "Сұңқар" ЖШС және "Әйгерім" ЖШС жекелеген зертханалары бағаларды тиісінше 6 000 және 7 000 теңгеге дейін төмендетті).

Агенттік мәліметінше, медициналық маскалардың бағасын өндірушілер орта есеппен 21 теңге/данаға дейін төмендетті, дистрибьюторлар мен бөлшек сауда желілерінің үстеме бағасы өндірушілермен, дистрибьюторлармен және бөлшек сауда желілерімен монополияға қарсы комплаенс әзірлеу арқылы 20 теңгеден 3 теңгеге/дана дейін, орта есеппен 60 теңгеден  26 теңгеге/дана дейін төмендеді.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

TengriTravel

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная