Қазақстанда пойыз билеттері қымбаттай ма

Фото: Тұрар Қазанғапов

Қазақстанда пойыз билеттерінің бағасының өсуі туралы ақпаратқа ұлттық тасымалдаушы түсініктеме берді, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстанда пойыз билеттерінің бағасының өсуі туралы ақпаратқа ұлттық тасымалдаушы түсініктеме берді, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

"Жолаушылар тасымалы" АҚ БАҚ-та теміржол билеттерінің бағасын көтеруге қатысты пайда болған ақпаратқа түсініктеме берді.

"Әлеуметтік маңызы бар облысаралық қатынастар бойынша теміржол тарифі биыл бір рет - 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап 7 пайызға өсті. Тарифтің өзгеруі Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігімен (қазіргі Kөлік министрлігі) және бағаның шекті деңгейінің жыл сайынғы өсуін ескере отырып келісілді", - делінген компания хабарламасында.

Реклама
Реклама

Сонымен қатар, баспасөз қызметі Қазақстанда әлеуметтік маңызы бар бағыттар бойынша жүретін пойыздардан басқа, 2014 жылдан бастап жылдамдық деңгейі жоғары экспресс-тасымалдау қызметтерін көрсететін жолаушылар мен коммерциялық пойыздарды тасымалдайтынын еске салды.

"Коммерциялық пойыздарда жол жүру құны билеттерді сатып алу мерзіміне, тасымалдау сұранысына байланысты белгіленеді", - деп атап өтті компаниядағылар.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

TengriTravel

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная