Қазақстанда полиглоттар қаласы аталды

© pixabay.com/BiljaST

35 пайыздан аса немесе 6 миллионнан аса қазақстандық ағылшын тілін біледі, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі Ұлттық статистика бюросының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

35 пайыздан аса немесе 6 миллионнан аса қазақстандық ағылшын тілін біледі, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі Ұлттық статистика бюросының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2021 жылғы халық санағы бойынша 5 жастан асқан халықтың 44,9 пайыз екі тілді, 28,6 пайызы - үш тілді меңгерген. Санақ қорытындысы бойынша тағы 1,7 пайыз 4 тілде сөйлейді, 5 тілді халықтың 0,2 пайызы біледі. 6 тілді білетін полиглоттардың үлесі 0,1 пайыз немесе 8 845 адам.

Қызықты дерек: ерлерге қарағанда 4-5 тілді меңгерген әйелдердің үлесі басым, сәйкесінше 47,9 пайыз және 52,1 пайыз. Бірақ 6 және одан да көп тілді білетін ерлер үлесі, керісінше, әйелдердің үлесінен асып түседі - 55,6 пайыз.

Реклама
Реклама

Өңірлік бөліністе 5 және одан да көп тілді білетін полиглоттар Алматы қаласында.

Бұл ретте 35,1 пайыз немесе 6 042,1 мың адам ағылшын тілін біледі, оның 27,6 пайыз - еркін сөйлейді.

Жас сегментінде ағылшын тілін білетіндердің үлесі 10-14 жас және 25-29 жас аралығында көп.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

TengriTravel

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная