Қазақстандық әуекомпаниялары жолаушылар сұранысын қанағаттандыру үшін мереке қарсаңында және алдағы демалыс күндері әуе рейстері санын арттырады, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі Көлік министрлігі мәліметіне сілтеме жасап.
Мәселен, бүгінде 91 қосымша әуе рейсі іске қосылды, оның ішінде:
"SCAT" әуекомпаниясы 39 рейсті қосты:
- Астана - Алматы-Астана бағыттары бойынша + 16 рейс,
- Алматы-Шымкент + 10 рейс;
- Алматы-Мәскеу +7 рейс;
- Алматы - Жезқазған + 2 рейс;
- Алматы-Ақтөбе + 2 рейс;
- Астана-Шымкент + 1 рейс;
- Алматы-Өскемен +1 рейс.
"Эйр Астана" әуекомпаниясы 10 рейсті қосты:
- Астана-Алматы + 10 рейс.
Басқа бағыттар бойынша да рейстер санын арттыру мәселесі пысықталып жатқаны айтылды.
"FlyArystan" 39 рейс қосты:
- Астана-Алматы + 9 рейс;
- Алматы-Шымкент + 3 рейс;
- Астана-Шымкент + 3 рейс;
- Алматы-Павлодар + 3 рейс;
- Алматы-Ақтөбе + 2 рейс;
- Алматы-Атырау + 2 рейс;
- Алматы-Орал + 2 рейс;
- Астана-Қостанай + 2 рейс;
- Астана-Орал + 2 рейс;
- Астана-Атырау +2 рейс;
- Астана-Қызылорда + 2 рейс;
- Астана-Түркістан + 2 рейс;
- Ақтау-Атырау +2 рейс;
- Алматы-Қызылорда + 1 рейс;
- Алматы-Қостанай + 1 рейс;
- Алматы-Қарағанды + 1 рейс;
- Астана-Ақтөбе +1 рейс;
"Qazaq Air" 3 рейс қосты:
- Астана-Ақтөбе-Астана +1 рейс;
- Астана-Шымкент-Астана +1 рейс;
- Астана – Қызылорда-Астана +1 рейс.
Ішкі бағыттар бойынша тариф көтерілмейді, өзгеріссіз қалады. Әуе билеттерінің құны нарықтық факторларға байланысты өзгеруі мүмкін. Билетті алдын ала сатып алған абзал.
Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!