"Қазақстанда ма? Мен Майамидегі қоқиқаздар ма деп ойладым...". Шетелдіктер Қаракөлдегі видеоға тамсанды

видеодан үзінді

Шетелдік бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерде Қазақстандағы қызғылт қоқиқаздар тобы түсірілген видео тарады. Видео желіге тарап, көп қаралым мен лайктар жинады. Kaz.tengritravel.kz тілшісі ең қызықты шетелдік басылымдар мен пікірлерді жинады.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Шетелдік бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерде Қазақстандағы қызғылт қоқиқаздар тобы түсірілген видео тарады. Видео желіге тарап, көп қаралым мен лайктар жинады. Kaz.tengritravel.kz тілшісі ең қызықты шетелдік басылымдар мен пікірлерді жинады.

Қаракөлдегі қызғылт қоқиқаз туралы таңқаларлық видео жапондық NHK ірі телеарнасының назарын аударды, оның қызметкерлері бұл видеоны Facebook парақшасында жариялауға шешім қабылдаған. Видео 2000-нан аса лайк пен 100-ден аса пікір жинаған. 

Реклама
Реклама


Видео Facebook/NHK WORLD-JAPAN 

"Құдайдың елшілері", "Қазақстан - әлемдегі ең керемет мемлекеттің бірі", "Қазақстан - өте сұлу" - деп жазыпты видеоға пікір қалдырушылар.

Пікір білдірушілер қатарында Қазақстанға турист ретінде келгендері бар екен, өйткені бір желі қолданушысы өз досын белгілеп, біз осы саябақта серуендедік емес пе? - деп сұраған.

Америкалық Fox Los Angeles және Fox Channel телеарналары да Facebook-те Қазақстаннан шыққан қоқиқаздардың видеосын жариялады. Видео 3000 лайк жинап, 200-ден аса пікір жазылған.

"Өте әдемі! Бұл отты құстар балет билеп тұрғандай әсер қалдырады", "Бұл - жұмақ", "Құдайым, маған қалай ұнайды!", "Керемет!", "Мен сонда болғым келеді", "Қазақстан? Мен ойладым Майамиден шыққан қоқиқаздар деп", - дейді желі қолданушылары таң қалып.

Олардың арасында видеоға әзілмен қарағандары да болды.

"Ешқайсысы маска кимеген. Не сұмдық?" - деп жазыпты Уилл Кардона.

Бірақ Натали Франко есімді қолданушы Қызыл кітаптағы құстардың көптігіне таң қалды. Ол досын тегтеп, "Мына қоқиқаздарға қараңызшы! Мен бұған дейін осынша көп құсты бір топта көрген емеспін" деп жазған.

Қызғылт қоқиқаздардың видеосы тағы бір америкалық телеарнаның (CBS News) парақшасында пайда болды. Бейне әлеуметтік желінің 800-ден аса қолданушысына ұнаған. Көптеген комментаторлар Қаракөлде болуға және қоқиқаздарды өз көздерімен көруге ниет білдірді.

"Дронмен тамаша түсірілген", - дейді Аврам Гросман видео авторының жұмысын жоғары бағалап.

Қазақстаннан шыққан ең вирустық видео америкалық Inside Edition жаңалықтар порталының YouTube каналында болды. Жүргізуші бір минуттық видеода "өте жақсы!" ("Very nice!") деген сөзбен бастап, қызғылт қоқиқаздар Қазақстанда қалай пайда болғандығын айтады. ("Very nice!" - "Борат" фильмі шыққаннан кейін танымал болған дәйексөз - автордың ескертпесі).  


Видео Youtube/Inside Edition

Еске салайық, Facebook-те қоқиқаздар тобы түсірілген видеоны Азамат Сәрсенбаев есімді қолданушы жариялаған болатын. Жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, құстар 14 қараша күні Ақтау маңындағы Қаракөл көліне қонақтаған.

"Дәл осындай сәттерде мен өз жерімді жақсы көремін", - деп жазды видео авторы.

Кейінірек Азамат Сәрсенбаев құқық қорғау органдарының өкілдері 378-бап "Өсімдіктер өсетін аумақтарды және жануарлардың тіршілік ету ортасын қорғау ережелерін, зоологиялық коллекцияларды құру, сақтау, есепке алу және пайдалану, сондай-ақ заңсыз қоныс аудару, енгізу, реинтродукциялау және будандастыру ережелерін бұзу" бойынша айыппұл салуға ниетті екендіктерін мәлімдеді.

Өз кезегінде, Маңғыстау облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы Сәрсенбаевты бірден жауапкершілікке тартылмайтынын, оны тек түсіндіру жұмысы үшін шақырғандығын айтты.

Айта кетейік, Қазақстан ТМД елдерінің арасында қызғылт қоқиқаздар ұя салатын жалғыз мемлекет. Көбінесе оларды Теңіз көлінде, Қорғалжың қорығы аумағында көруге болады. Ақтаудың маңына да қоқиқаздар барады. Бұл құстардың алғашқы тобы қазан айының басында, Қаракөл көлінде де пайда болды. Күннің күрт суытуына байланысты олар оңтүстікке қоныс аударады.

TengriTravel

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная