Қазақстан Республикасы өңірлерінің көліктік қолжетімділігін арттыру және ішкі туризмді дамыту мақсатында бірқатар субсидияланатын әуебағыттары бойынша рейстер саны ұлғайтылды және жаңа бағыттар ашылды, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитенінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Елімізде субсидияланатын рейстер саны артты. "Южное небо" әуе компаниясы тұрақты рейстерді жүзеге асыратын Нұр-Сұлтан – Балқаш және Алматы – Балқаш әуе бағыттарында "Qazaq Air" екінші тасымалдаушысы іске қосылды", - делінген ведомствоның хабарламасында.
Осылайша, Нұр-Сұлтан – Балқаш бағыты бойынша рейстер саны аптасына 6 рейстен 10 рейске дейін ұлғайтылады. Тариф құны - 9 000 теңге.
Алматы-Балқаш бағыты бойынша рейстер саны аптасына 7 рейстен 13 рейске дейін ұлғайтылады. Тариф құны - 10 000-14 000 теңге.
"Qazaq Air" әуе компаниясы "Bombardier Q400" әуе кемелерін іске қосады.
Сондай-ақ, Ақтау - Көкшетау әуе бағыты бойынша рейстер саны 3 рейстен 5 рейске дейін ұлғайтылды. Рейстер "SCAT" әуе компаниясының "CRJ2" әуе кемелерімен орындалады, тарифі 15 000-нан 30 000 теңгеге дейін.
Түркістан қаласының әуежайынан ұшу географиясын кеңейту бойынша жұмыс аясында Ақтөбе (тарифі 20 000 теңге) және Талдықорған (16000 теңге) қалаларына тұрақты рейстерді әр бағытта 2 рейс жиілігімен ашу жоспарлануда. Рейстер "CRJ2" және "Б-737" әуе кемелерінде орындалатын болады.
"SCAT" әуе компаниясы Нұр-Сұлтан – Талдықорған бағытында субсидияланатын рейсті ашады деп күтілуде. Рейстер "Б-737" әуе кемелерінде орындалады.
Ең маңызды жаңалықтар - біздің Facebook парақшамызда! Дəл қазір жазылып алыңыз!
Елімізде жəне əлемдегі жаңалықтар жайлы толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!