Қазақстанда жастар арасында тұрақты туризмді дамыту байқауы басталды

Қазақстанда жастар арасында тұрақты туризмді дәріптеуге бағытталған "Жастар және мұра" республикалық білім беру-практикалық жобасы іске қосылды, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі.

Жобаға 16-29 жас аралығындағы жастар қатысады. Қазақстанның 14 облысынан және республикалық маңызы бар қалалар - Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкенттен барлығы 16-29 жас аралығындағы ЮНЕСКО-ның жастары мен клубтарының 500 өкілін тарту жоспарланып отыр. Олар туристік маршруттарды құру туралы біліп, аудио және бейнегидтер жасауды үйренеді, Қазақстанның мәдени және табиғи мұрасы саласындағы білімін тереңдетеді. Жобада ішкі ұлттық туризмді ілгерілету, тұрақты туризмді танымал ету, жаңа туристік бағыттар ашу, мәдени және тарихи мұра нысандары туралы білімді игерту көзделген.

Қатысу үшін үш адамнан тұратын команда жинап, 30 маусымға дейін өтініш беру керек. Өтінімді мына сілтеме арқылы беруге болады.

Қатысушылар туризм саласындағы сарапшылардың қатысуымен бес күндік білім беру бағдарламасынан өтеді. Дүниежүзілік мұра нысандарына қазіргі қауіптер мен оларды шешудің жолдары туралы біледі.

Ұйымдастыру комитеті:
ЮНЕСКО Клубтарының Қазақстандық Федерациясы,
тел: +7 (727) 394 32 32, +7 700 394 32 32, +7 778 956 29 77
электрон пошта: aissulu.kazfuca@gmail.com , kazfuca@gamil.com

Instagram

Ең маңызды жаңалықтар - біздің Facebook парақшамызда! Дəл қазір жазылып алыңыз!
Елімізде жəне əлемдегі жаңалықтар жайлы толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!