Қазақстанда жанармай тапшылығына байланысты ұшақтар тоқтап қалу мүмкін бе? Бұл сұраққа Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев жауап берді, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.
"Кейбір мәліметтерге қарағанда, Қазақстанда әуежанармай тапшылығы бар, ол Қытайдан импорттау арқылы шешіліп отыр. Шынымен тапшылық бар ма және 2 жыл бұрынғыдай Қазақстанда ұшақтар тоқтап қалуы мүмкін бе?" - деп брифингте министрге сауал қойылды.
Сәтқалиевтің айтуынша, Қазақстанда әуежанармай мен керосиннің белгілі бір маусымдық тапшылығы байқалады.
"Қазақстан бұл отынды көршілес елдерден импорттайды, атап айтқанда, Ресейден көбірек көлемде импортталды. Бізде ішкі нарықта шамамен 300 мың тонна тапшылық бар, бірақ бұл маусымдық тапшылық", - деді ол.
Қытайдан әуекеросин импорттау жөніндегі келіссөздердің нәтижесі әзірге белгісіз.
"Қытайға келетін болсақ, менің түсінігімше, әуекомпаниялардың бірі жеткізуді жүзеге асыруға ниетті екенін білдірді. Қазір бұл келіссөздер аяқталды ма, жоқ па, мұндай ақпарат жоқ.
Отандық әуетасымалдаушыларды авиациялық отынмен қамтамасыз етуде ешқандай қауіп көріп тұрған жоқпыз", - деп түйіндеді сөзін Сәтқалиев.
Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!
Aviata.kz - үйіңізден немесе кеңсеңізден шықпай-ақ, әлемнің қалаған нүктесіне теміржол және әуе билеттерін кез келген бағытта онлайн режимінде табуға, брондауға және сатып алуға мүмкіндік беретін сервис.
Әуе және теміржол билеттерін сатып алуға болатын "Авиата" қосымшасын мына сілтеме бойынша жүктеуге болады.