Қазақстанда жаңа курортты қала пайда болады

ПОДЕЛИТЬСЯ

©️ primeminister.kz ©️ primeminister.kz

Маңғыстау облысында жаңа курортты қала салынады, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Маңғыстау облысында жаңа курортты қала салынады, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мемлекет басшысының биылғы маусымда өткен туризмді дамыту жөніндегі кеңесте берген тапсырмаларын іске асыру мақсатында Маңғыстау облысында өңірдің туристік әлеуетін дамыту бойынша жұмыстар жүргізіліп жатқаны айтылды. Атап айтқанда, Кендірлі курортты аймағында жылына 300 мың адамға дейін қабылдай алатын туристік қала салынады. Инженерлік инфрақұрылым құрылысы басталған.

"Кендірлі теңіз жағалауының ерекшелігі – шомылу маусымының ұзақтығы. Географиялық орналасуы да маңызды рөл атқарады. Ол өзінің бірегейлігінің арқасында туристерді тартуға ыңғайлы. Осыған байланысты Президент Кендірлі туристік аймағын құру бойынша нақты тапсырма берді. Біз тиісті инфрақұрылымы бар және туристерге қызмет көрсететін арнайы туристік қалашық салуды жоспарлап отырмыз. Бұл Жаңаөзен қаласының негізгі жүктемесінің төмендеуіне жақсы әсер етеді", - деді Кендірлі ауылының әкімі Мекен Үйсенов.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

TengriTravel