Қазақстанда Жаңа жылда әуерейстер кестесі жарияланды

30 желтоқсан мен 5 қаңтар аралығындағы жаңажылдық мерекелер кезінде қазақстандықтар үшін қолжетімді әуерейстердің кестесі жарияланды, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz.

Еліміздің Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі өзінің Telegram-каналында таратқан ақпаратқа сәйкес, тікелей халықаралық рейстер 19 бағыт бойынша 12 елде жүзеге асырылады. Олардың ішінде: БАӘ, Түркия, Өзбекстан, Беларусь, Германия, Мальдив, Оңтүстік Корея, Нидерланды, Мысыр, РФ, Украина және Қырғызстан. Барлығы 54 рейс жасалады.

Реклама
Реклама

Сонымен қатар, мереке күндері жергілікті әуе желілерінің ішкі ұшу кестесі сақталады. Рейстердің ұшу уақыты мен күнін осында немесе әуекомпаниялар мен әуежайлардың сайттарында нақтылауға болады.

Халықаралық рейстердің ережелері мен шектеулері үнемі жаңарып отыратынын есте сақтаңыз. Сапар алдында олармен танысу керек. Мысалы, теріс ПТР-тесті бар анықтама міндетті құжаттар тізіміне кіреді. Сонымен қатар, жолаушылардан әлеуметтік қашықтық, ұшу кезінде және одан кейін маска кию сияқты қауіпсіздік ережелерін сақтауы қажет. Әуежайға келгендердің барлығы міндетті түрде байланыссыз термометриядан өтеді. Ал шығарып салушыларды терминал ғимаратына кіргізбейді.