Қазақстанда жағажайларға камералар орнатылуы мүмкін

Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Қазақстанда жағажайларға бейнебақылау камералары орнатылуы мүмкін. Премьер-министр Олжас Бектенов осы мәселемен айналысуды тапсырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстанда жағажайларға бейнебақылау камералары орнатылуы мүмкін. Премьер-министр Олжас Бектенов осы мәселемен айналысуды тапсырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Министрлер кабинеті басшысының айтуынша, қазір республика бойынша 708 шомылу орны белгіленген. Сонымен қатар, су айдындарындағы өлім, оның ішінде балалар өлімі артып барады.

"Қазгидромет болжамы бойынша, биыл жаз ыстық болады. Әсіресе, елдің батысында, шығысында және оңтүстігінде. Тиісінше, өзендер мен көлдерде демалушылар санының артуы күтіледі. Бұған дайын болу керек. Жағажайларға бақылау камералары мен тиісті бағдарламалық қамтамасыз етуді орнату мәселесін пысықтау қажет", - деп тапсырды Олжас Бектенов.

Реклама
Реклама

Сондай-ақ, Үкімет басшысы Алматы мен Павлодарда пилоттық режимде сыналған жүзу және батып бара жатқандарды ерте анықтау шекараларын анықтауға мүмкіндік беретін қашықтықтан мониторинг жүйесін мысалға келтірді.

"Осыған байланысты өңірлердің әкімдіктері бұл тәжірибені зерделеп, оны пайдалануы қажет", - деп түйіндеді премьер.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

TengriTravel

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная