Қазақстандықтар Оманға тікелей рейспен ұша алады, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.
"Биылғы 18 маусымнан бастап "Salam Air" Оман әуекомпаниясы Алматы – Маскат бағыты бойынша әуе қатынасын қалпына келтіруді жоспарлап отыр. Рейстер сыйымдылығы 180-230 орындық "Эйрбас-А320/А321" үлгісіндегі әуе кемелерінде аптасына 2 рет (сейсенбі және жұма күндері) орындалады", - делінген хабарламада.
Әуе қатынасын қалпына келтіру екі ел арасындағы сауда-экономикалық, іскерлік және туристік ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал етпек.
Реклама
Реклама
Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!