Қазақстанда "Бозоқтан Ботайға дейін" атты экспедиция 2022 жылдың 11 маусымында басталды, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жеті күндік экспедицияның мақсаты - археологиялық ескерткішті және Бозоқ қалашығының жалпыұлттық маңызы бар объектісін танымал ету. Шабандоздар Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарының киелі жерлеріне саяхат жасауды жоспарлап отыр.
Экспедиция "Бозоқ" археологиялық ескерткішінің аумағынан басталып, жеті күннен кейін Солтүстік Қазақстан облысындағы "Ботай" археологиялық ескерткішінде аяқталады.
Салтанатты рәсімге мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев, археолог-ғалымдар, Аt-travel ат клубының мүшелері және қоғам өкілдері қатысты.
Еліміздегі жəне əлемдегі жаңалықтар жайында толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!