Қазақстанда eQonaq бірыңғай ақпараттық жүйесі іске қосылды

Нұр-Сұлтанда туристерді есепке алу, туристік ағынды талдау және көші-қон бақылауын жүзеге асыруға арналған eQonaq бірыңғай ақпараттық жүйесі іске қосылды, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі.

Жоба аясында шетелден келушілердің тек санын емес,елде қанша күн болатынын, қандай қызметтерді пайдаланатынын білуге болады.

"Ендігі міндет келушілер туралы мәліметтерді - қонақүйлердегі бар ақпаратты алып, талдап, eQonaq жүйесіне енгізу", - "Kazakh Tourism" ұлттық компаниясының басқарма төрағасы Ержан Еркінбаев.

Әзірлеушілердің айтуынша, "eQonaq" ҚР туристік саласын дамытудың 2019-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының жүйелі шарасы ретінде іске асырылып отыр және бастапқыда туристік ағын статистикасын реттеуді көздеген.

Сондай-ақ, өткен жылдың қаңтарында президент шетелдік туристерді міндетті тіркеуді тоқтатты. Енді бұл қызметті шетелдік тұратын орындар (қонақүйлер) атқарады. Ал көші-қон қызметтеріне ақпарат берудің одан арғы процестерін оңайлату үшін "eQonaq" жүйесі осы міндеттерге сай интеграцияланды.

Қазір  жүйе Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында, сондай-ақ Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарында 383 орында (қонақүйлер, хостелдер, демалыс үйлері және т.б.) енгізілді.

Сонымен қатар, жүйені жасаушылар "Ashyq" жүйесімен интеграцияны жоспарлап отыр.

"Ashyq жүйесінің арқасында біз кинотеатрларға, дәмханалар мен мейрамханаларға қайта бара бастадық. Ол үшін тек өзіңіздің ЖСН-ды енгізіп, QR-кодты сканерлеу қажет. Алайда шетелдіктер қазақстандық ЖСН-сыз жүйені пайдалана алмайды, жүйеде шетелдіктер туралы деректер жоқ. Бұл деректер біздің eQonaq жүйесінде бар. Бұл туристерге ел ішінде жүруге мүмкіндік береді, сонымен қатар біз үшін де туристер орналасқан жерлерді ғана емес, сонымен бірге олар баратын жерлерді де талдауға мүмкіндік береді. Бұл туризм саласындағы инфрақұрылымды жоспарлау кезінде көмектеседі, өйткені біз нақты туристік ағынды көре аламыз", - деді Ержан Еркінбаев.

Осы жылдың маусымында жүйені Алакөл, Балқаш, Атырау және Ақтау қонақүйлерінде енгізу жоспарланған. Жыл соңына дейін еліміздің басқа да туристік аймақтарын қамту арқылы "eQonaq" жүйесі бар қонақүйлер санын 600-ге дейін жеткізу жоспарланып отыр.

Ең маңызды жаңалықтар - біздің Facebook парақшамызда! Дəл қазір жазылып алыңыз!
Елімізде жəне əлемдегі жаңалықтар жайлы толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!