Қазақстанда бес әуекомпания ұшақтарының қолданыстағы уақыты 20 жылдан асады

Фото:elements.envato.com

Қазақстанда бес әуекомпания ұшағының қоданыстағы уақыты 20 жылдан асады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Finprom.kz басылымына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстанда бес әуекомпания ұшағының қоданыстағы уақыты 20 жылдан асады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Finprom.kz басылымына сілтеме жасап.

Зерттеуге қазақстандық 13 әуекомпания қатысты. 6 әуекомпания бойынша әуекемесінің шыққан уақыты 10 жылға жетпейді. Сонымен қатар, елдің 5 әуекомпаниясында қолданыстағы уақыты 20 жылдан асатын ұшақтар бар.

Реклама
Реклама

Qazaq Air әуекемелері орташа есеппен 3,5 жыл қолданылған. Сонымен қатар, бұл компанияда бар болғаны 4 ұшақ бар. Ірі әуекомпаниялар арасында Air Astana компаниясының 27 ұшағының орташа қолданыста болаған уақыты 5 жыл, ал ҚР-дың екінші ірі әуекомпаниясы - SCAT Airlines-17 ұшақтары орта есеппен 21 жыл қолданыста болғаны анықталды.

Ең ескі ұшақтар Caspiy, Sunday Airlines, Kazakstan Gvmt әуекомпанияларында.

Зертелген ұшақтардың көбісі Airbus A320 маркалы ұшақтар. Қазақстанда осы типтегі 16 әуекемесі жұмыс істейді. Қазақстандық әуекомпаниялар арасында Airbus A321, Boeing 737 және Bombardier CRJ (Canadair Regional Jet) сияқты ұшақтар да танымал.

Айта кетейік, Қазақстандағы әуекомпаниялардың бәріне Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың нұсқауы бойынша Bek Air әуе компаниясының Fokker 100 UP-F1007 әуе кемесі апатқа ұшырағаннан кейін жоспардан тыс аудит жүргізу тапсырылды. Аудитті ҚР ИИДМ азаматтық авиация комитеті, "ҚР Авиация әкімшілігі" АҚ-пен бірлесіп жүргізді.

Қазақстан авиация әкімшілігі 331 инспекция өткізді. Аудит барысында 2400-ге жуық ереже бұзу анықталды. Көбі шағын, бірақ екінші және үшінші деңгейдегі ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін маңызды қорғаныс шарасы болып саналады.

Ұшу қауіпсіздігіне әсер ететін өрескел ереже бұзу және оларды жою шарттары орындалмағандықтан 6 әуеоператордың: Jet Airlines, Jenis Air, Azee Air, Phoenix, Qazaq Helicopters, MS AIR KZ қызметі тоқтатылды. Bek Air және Sigma Airlines әуекомпаниясының сертификаты қайтарып алынды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

TengriTravel

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная