Қазақстанда "ашық аспан" режимі ұзартыла ма?

© pixabay.com

Қазақстанда "ашық аспан" режимін 2028 жылға дейін ұзарту шешімі қабылданды, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі Азаматтық авиация комитеті баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстанда "ашық аспан" режимін 2028 жылға дейін ұзарту шешімі қабылданды, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі Азаматтық авиация комитеті баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Ашық аспан" режимі Астана, Алматы, Тараз, Шымкент, Ақтау, Семей, Қарағанды, Өскемен, Павлодар, Петропавл, Көкшетау және Түркістан қалаларының 12 халықаралық әуежайларында қолданылды. Ақтөбе облысының әкімдігімен бірлескен жұмыс қорытындысы бойынша бұл режим өңірді дамыту мақсатында Әлия Молдағұлова атындағы Ақтөбе қаласының халықаралық әуежайында да енгізілді.

"Қазақстан Республикасы Президентінің ұшу географиясын кеңейту және халықаралық рейстер санын ұлғайту жөніндегі тапсырмаларын орындау мақсатында Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті "ашық аспан" режимін 2027 жылдың соңына дейін ұзартты", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Осылайша, бұл режим рейстер саны бойынша барлық шектеулерді алып тастауды және қазақстандық авиакомпаниялар жұмыс істемейтін бағыттар бойынша шетелдік авиакомпанияларға "ауа еркіндігінің" бесінші дәрежесін беруді көздейді.

Бұл режим жаңа шетелдік тасымалдаушыларды тартуға, әуе тасымалдаушылардың бәсекелестігін дамытуға, халықаралық маршруттарды ашуға, авиабилеттер құнын төмендетуге, туризмді дамытуға және Қазақстан қалаларының көліктік қолжетімділігін арттыруға ықпал етеді.

TengriTravel

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная