Қазақстанда Kids Go Free бойынша алғашқы жолдама сатылды

Қазақстандық туроператор бала үшін тегін әуе билеті бар турпакеттің алғашқы сатылымын рәсімдеді, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі Kazakh Tourism-ге сілтеме жасай отырып, Кids Go Free бағдарламасы туралы туроператорлардың пікірін ұсынады.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстандық туроператор бала үшін тегін әуе билеті бар турпакеттің алғашқы сатылымын рәсімдеді, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі Kazakh Tourism-ге сілтеме жасай отырып, Кids Go Free бағдарламасы туралы туроператорлардың пікірін ұсынады.

Ұйымның мәліметінше, бағдарламаға қазірдің өзінде тоғыз туроператор қатысады.

"А тур" туроператорының директоры Айжан Омарбаеваның айтуынша, Kids Go Free бойынша алғашқы жолдаманы бауырлар сатып алған. Бұл Түркістан қаласына Наурыз мейрамын тойлау кезінде бес күнге арналған турпакет. Әпкесіне алып жүруге сенімхат ресімделді. Турдың құрамына ұшу, тұру, міндетті пунктер, сондай-ақ күніне үш рет тамақтану, трансфер, экскурсиялық бағдарлама және гид кіреді.

Реклама
Реклама

"Бағдарлама жоспарланған көлемде жұмыс істейді деп үміттенемін, өйткені біз оны күтіп, оны әзірлеуге қатыстық. Бұл бағдарлама бойынша сұраныс бар, қоңырау шалып жатқандар өте көп. Алакөлге жазға өтінімдер бар", - деді ол.

Бағдарламаға қосылған басқа туроператорлар да пікірін бөлісті. SkyWay туроператорының директоры Әсем Қозбағарова Наурызда демалғысы келетін туристер бар екенін айтты.

"Біз Алматы қаласы мен Алматы облысының, Түркістанның көрікті жерлеріне, сондай-ақ жазда Каспий теңізінде жағажай демалысын ұсынамыз. Менің ойымша, Kids Go Free бағдарламасы жалпы ішкі туризмді дамыту және отбасылардың туристік пакеттерге деген сұранысын арттыру үшін қолайлы. Бұл процесте барлық қатысушыға жұмыс істеуге ыңғайлы болу, тәуекелдерді азайту және басқалар үшін ережелерді жетілдіре аламыз", - деді ол.

Ал Limon Travel туроператорының директоры Алмас Маратұлының пікірінше, Kids Go Free бағдарламасы турөнімнің жалпы бағасын төмендетеді. Тиісінше, туроператорға турларды сату оңайырақ болады.

"Бағдарламаның шарттарын біз, яғни туроператорлар талқылау барысында өзгерттік. Мысалы, бастапқыда турист 4 түн, 5 күн тұратын тур сатып алуы керек деп жоспарланған болатын. Біз бір түнге дейін қысқартуға қол жеткіздік. Сұранысқа келетін болсақ, көптеген адам бұл жай ғана Қазақстан бойынша балаларға арналған ұшақтың тегін билеті деп ойлады. Бірақ біз клиенттерге әуе билетін ғана емес, туристік өнімді де, міндетті түрде тұру, басқа да қызметтерді сатып алу керегін түсіндіреміз", - деді ол.

Нарық өкілі Қазақстанның батыс өңірлерінен келетін туристердің қызығушылығы байқалатынын айтты. Географиялық тұрғыдан олардың Алматы мен Түркістаннан алыс орналасқанын, ал теміржолмен саяхаттау екі-үш күнді алатынын ескере отырып, оларға осы бағдарлама бойынша тур сатып алу тиімді болады деп болжайды.

Бұған дейін мәдениет және спорт вице-министрі Ержан Еркінбаев туроператорлар үшін Кids Go Free бағдарламасына қатысу ерікті екенін атап өткен.

Еліміздегі жəне əлемдегі жаңалықтар жайында толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!

TengriTravel

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная