Қазақстан Түркияға әуерейстерді қысқартады

© Shutterstock

Денсаулық сақтау министрлігіне қарасты Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы Айжан Есмағамбетова Түркиямен әуерейстер қысқарғаны туралы мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Денсаулық сақтау министрлігіне қарасты Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы Айжан Есмағамбетова Түркиямен әуерейстер қысқарғаны туралы мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі. 

Елдің бас санитарлық дәрігерінің қаулысындағы өзгерістер шекарадағы өткізу орындарында санитарлық-карантиндік бақылауды күшейтуге бағытталған. Маманның айтуынша, қараша айында Түркияға рейстерді аптасына 12-ге дейін қысқарту жоспарланған.

Реклама
Реклама

"Біріншіден, Украинадан әуе рейстерінің саны үштен біріне дейін қысқарады. БАӘ-ден - 24-тен 16-ға дейін. Германиямен - алтыдан төртке дейін. Беларуссиямен - тоғыздан төртке дейін. Түркиямен аптасына 18 рейске әуе қатынасы қысқартылды, қараша айында тағы алты рейске қысқарту жоспарланған. Осылайша шекарадағы бақылау күшейтіледі", - деп атап өтті комитет төрайымы.

Еске салайық, Азаматтық авиация комитеті Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің ұсыныстарын ескере отырып, төрт бағыт бойынша (БАӘ, Беларусь, Украина, Германия) рейстердің қысқартылғаны туралы хабарлады. Осы бағыттар бойынша бұл өзгерістер күзгі-қысқы кезеңнің соңына дейін жалғасады.

TengriTravel

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная