19 наурыз 2021 16:33

Қазақстан тұрақты туризм рейтингінде Ресей мен Түркиядан озды

© pixabay.com

Қазақстан тұрақты туризм рейтингінде 62-орын алды және Ресей (65-орын) мен Түркияны (66-орын) басып озды, - деп хабарлайды Кaz.tengritravel.kz порталы АПА-Экономикс басылымына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан тұрақты туризм рейтингінде 62-орын алды және Ресей (65-орын) мен Түркияны (66-орын) басып озды, - деп хабарлайды Кaz.tengritravel.kz порталы АПА-Экономикс басылымына сілтеме жасап.

Euromonitor International компаниясы тұрақты туризмі бар елдердің рейтингін жасады. Тізімде барлығы 99 ел бар. Алғашқы үштікте Швеция, Финляндия және Австрия тұр. Тізімді Маврикий (97-орын), Үндістан (98-орын) және Пәкістан (99-орын) аяқтайды.

Реклама
Реклама

ТМД елдерінен көшбасшы Беларусь болды - 26-орын. Әрі қарай Украина мен Грузия - 30 және 41-орында. Түрікменстан, Тәжікстан, Қырғызстан, Армения және Молдова тізімге енбеді.

Бұл тізім экологиялық таза, парасаттылық және жауапкершілік сияқты принциптерге негізделген. "Тренд идеологтары" тұрақты туризм рейтингінде қоғамның табиғи ресурстары, әлеуметтік және мәдени құндылықтарын сақтау үшін жасалған жағдай, туризмнің дамуы ескерілетінін түсіндірді. Оның мақсаты - экономикалық өсім және болашақ ұрпақ үшін экологиялық игіліктерді сақтау арқылы халықтың өмір сүру деңгейінің жоғарылауына қол жеткізу.

Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram