Қазақстан Таиландқа бопсалау бойынша күдікке ілінген ресейлікті экстрадициялады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Көрнекі сурет: Polisia.kz Көрнекі сурет: Polisia.kz

Тайландтың Самуи аралында ресейлік екі риэлтордан 1,8 миллион бат (22 миллион теңгеден асады) криптовалюта бопсалады деген күдікке ілінген ресейлік Қазақстанда ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Bangkok Post басылымына сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Тайландтың Самуи аралында ресейлік екі риэлтордан 1,8 миллион бат (22 миллион теңгеден асады) криптовалюта бопсалады деген күдікке ілінген ресейлік Қазақстанда ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Bangkok Post басылымына сілтеме жасап.

Күдікті іздеу басталғаннан кейін бір жарым жыл өткен соң, 15 наурызда Қазақстанда ұсталған. Ол Air Astana ресімен Тайландқа қайтарылды.

43 жастағы ресейлік Самуи аралы соты 2022 жылдың 3 қазанында сөз байласу арқылы ұрлық жасау, денеге немесе психикалық зиян келтірмей шабуыл жасау және жасырын қорқыту арқылы мәжбүрлеу бойынша қамауға алу ордері бойынша іздеуде болған.

Облыстық полиция комиссары подполковник Сурапхонг Тханомджит полиция тобына күдіктіні Самуи аралына - Сураттхани правинциясындағы танымал туристік аралға жеткізуді тапсырған.

Басылым мәліметінше, 2022 жылдың 15 қыркүйегінде Ресейден келген ерлі-зайыпты Таиландтың құқық қорғау органдарына көмек сұрап жүгінген. Олар белгісіз біреулер 1,8 миллион бат бопсалады деп мәлімдеген. Полиция тергеуді бастап, нәтижесінде күдіктілер анықталды: үш Қазақстан азаматы, екі Германия азаматы және бір ресейлік. Күдіктілер арасында қылмыстық топтың жетекшісі болған 37 жастағы қазақстандық Андрей Нижегородцев бар. Ол сол жылдың 28 қыркүйегінде Паттайяда қамауға алынған.

Тағы төрт күдікті Самуиде ұсталған. Соңғы күдікті қашып үлгерген.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

TengriTravel
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная