Қазақстан Сейшел аралдарына тікелей рейстер ашуды жоспарлап отыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

© pixabay © pixabay

Канаданың Монреаль қаласында өтіп жатқан Халықаралық азаматтық авиация ұйымы (ИКАО) Ассамблеясының 41-сессиясы шеңберінде қазақстандық делегация Сейшел аралдары Республикасының авиациялық билік орындарымен келіссөздер жүргізді, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі Азаматтық авиация комитеті баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Талғат Ластаев пен Сейшел аралдары Республикасының Көлік министрі Энтони Дерьякуес кездесуі барысында Қазақстан мен Сейшел аралдары арасындағы тікелей әуе қатынасы мәселелері және оны одан әрі даму жолдары талқыланды.

Келіссөздер қорытындысы бойынша тараптар тарихта алғаш рет меморандумға қол қойды, оған сәйкес екі елдің тағайындалған тасымалдаушылары әр тараптан әуе кемесінің кез келген түрімен елдер арасында аптасына 7 тұрақты рейсті орындау құқығына ие болды.

Министр Энтони Дерьякуестің айтуынша, Air Seychelles ұлттық авиакомпаниясы қол қойылған құжат негізінде келесі жылдың қаңтарында Виктория - Алматы бағыты бойынша елдеріміз арасында тікелей рейс ашуды жоспарлап отыр.

Тараптар екі ел арасындағы туристік және мәдени ынтымақтастықты одан әрі дамыту үшін тікелей әуе қатынасының маңыздылығын атап өтті.

Сейшел аралдары - Африканың шығысындағы Үнді мұхитындағы 115 аралдан тұратын архипелаг.
Аралдар туристерді жарқын су асты әлемімен, экзотикалық табиғатымен, әйгілі коко-де-мер пальмаларымен, сәнді қонақ үйлерімен тартады.

TengriTravel