Қазақстан мен Вьетнам визасыз режим орнатады

Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің суреті

Қазақстан мен Вьетнам екі елдің жалпыазаматтық паспорттарының иелері үшін визалық режимді жеңілдету туралы үкіметаралық келісімге қол қою туралы уағдаласты, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстан мен Вьетнам екі елдің жалпыазаматтық паспорттарының иелері үшін визалық режимді жеңілдету туралы үкіметаралық келісімге қол қою туралы уағдаласты, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Консулдық қызмет департаменті директорының орынбасары Ғабиден Темірбеков Вьетнам Социалистік Республикасының Сыртқы істер министрлігі Консулдық департаментінің директоры Люонг Тан Куанмен бейнеконференция форматында келіссөздер өткізді.

"Тараптар консулдық салада достық қарым-қатынастарды одан әрі нығайту мүмкіндігін атап, алғашқы әрі маңызды қадамдардың бірі ретінде екі елдің жалпыазаматтық паспорттардың иелері үшін визалық режимді жеңілдету туралы үкіметаралық келісімге қол қоюға уағдаласты", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Ведомствоның мәліметінше, Ғабиден Темірбеков Вьетнам тарапына Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің Оңтүстік-Шығыс Азия өңірімен түрлі саладағы байланыстарды одан әрі тереңдету ниеті туралы айтты және үкіметаралық құжаттарға қол қою оның тікелей растауы болып табылатынын жеткізді.

Люонг Тан Куан екі ел арасындағы қарым-қатынаста таңдалған бағыттың маңыздылығына назар аударып, халықаралық шартты тез арада келістіруге бар күшін салуға дайын екенін атап өткен.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

TengriTravel

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная