Қазақстан мен Ұлыбритания арасында әуерейстер саны көбейеді

Таяуда Қазақстан мен Ұлыбритания арасындағы әуерейстер саны артады, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитетіне сілтеме жасап.

Ведомство өкілдерінің мәліметінше, Лондон қаласында Қазақстан мен Ұлыбританияның авиациялық билігі арасында келіссөздер өткен.

Реклама
Реклама

"Эйр Астана" әуе компаниясының екі елінің авиациялық билік орындары арасындағы қолданыстағы уағдаластықтарға сәйкес ағымдағы жылдың 15 маусымына дейін уақытша негізде аптасына 5 рейс жиілігімен Алматы - Лондон - Алматы бағыты бойынша тікелей рейстерді орындауға рұқсат етілді", - деп түсіндірді комитет қызметкерлері.

Келіссөздер нәтижесінде екі ел арасындағы құқықтық база нығайтылып Қазақстан мен Ұлыбритания арасындағы рұқсат етілген рейстер саны артты:

  • Астана қаласы мен Ұлыбританиядағы кез келген пункт арасында аптасына 7 ретке дейін;
  • Алматы қаласы мен Ұлыбританиядағы кез келген пункт арасында аптасына 7 ретке дейін;
  • Қазақстанда енгізілген "ашық аспан" режиміне сәйкес ауа еркіндігінің 5 дәрежесін қоса алғанда, тұрақты емес негізде аптасына 7 жүк рейсіне дейін.

Жыл соңына дейін Лондонға орындалатын рейстер санын аптасына 7 рейске дейін арттыруды жоспарланған..

"Қазақстан мен Ұлыбритания арасындағы рейстер санының артуы елдер арасындағы туристік, мәдени, инвестициялық және іскерлік ынтымақтастықты дамытуды жеделдетуге мүмкіндік береді", - дейді әуесаласының мамандары.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!