Қазақстан мен Түрікменстан арасында әуе қатынасы қайта ашылады

Азаматтық авиация комитеті түрікмен тарапымен бірлесіп Қазақстан мен Түрікменстан арасында әуе қатынасын жаңарту мәселесін пысықтады, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

Осылайша, "Түрікменстан" әуекомпаниясы 2023 жылдың 26 наурызынан бастап екі ел арасындағы тұрақты жолаушылар рейстерін қайта бастауды жоспарлап отыр.

"Рейстер Алматы-Ашхабад бағыты бойынша аптасына 2 рейс жиілігімен сейсенбі және бейсенбі күндері "Боинг-737" үлгісіндегі әуе кемелерінде орындалатын болады", - делінген хабарламада.

Әуе қатынасын жаңарту елдер арасындағы сауда-экономикалық, іскерлік, туристік және мәдени ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал етеді.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!